Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарын, биологиялық және биотехнологиялық ғылымын басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» және «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын. 4. Осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|