Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы (2009.07.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуме ттiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi; 2) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттары - мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiнде және әлеуметтiк қызмет көрсетудiң аумақтық орталықтарында берiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң көлемiн және оларды ұсынудың тәртібін белгiлейтiн ережелер; 3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi; 4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi; 5) медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттіліктерiн белгiленген тәртiппен анықтау; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара) 5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) - күтім мен медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталық немесе өзге де ұйым; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені; 7) мүгедек - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам; 8) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам; 9) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi; 10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау - мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешенi; 11) мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектiң жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары; 12) мүгедектердi кәсiптiк оңалту - мүгедектердiң бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, білімi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi; 13) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы - мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту жөніндегі iс-шаралардың кепiлдiк берiлген тiзбесi; 14) мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi - мүгедектердiң өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi; 15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi; 16) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедектi оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат; 17) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі 17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктердi қанағаттандыруға арналған құралдар; 18) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету; 19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар; 20) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар; 21) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар; 22) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар; 23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінара айрылуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты: 1) мүгедектiктiң алдын алуға; 2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға; 3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.
5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты: 1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; 2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; 3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы; 4) мемлекеттік органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы; 5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын бекiтедi; 3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады; 4) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртібін бекiтедi; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-1-тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) 4-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсету: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беру; есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына отыз сағат мерзімге беру тәртібін бекітеді; 5) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады.
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi 1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын әзiрлейдi; 3) мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттарын әзiрлейдi; 4) басқа да мемлекеттік органдарды мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жағынан әдiстемелiк және ұйымдастырушылық үйлестiрудi жүзеге асырады; 5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi; 6) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, тобын және еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерiн әзiрлейдi; 7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi; 8) тармақша 2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі 8) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту саласындағы кадрлардың, соның iшiнде, ымдау тілі мамандарының біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады: 1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу; 2) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, организм функцияларының бұзылуы және тiршiлiк-тынысының шектелуi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау; 3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жәрдемақыларды және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау; 5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау; 6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) өз құзыретi шегiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы бiртұтас мемлекеттік саясатты жүргiзедi; 2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң хаттамаларын айқындайды; 3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi медициналық оңалтуды жүзеге асырады; 4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң білім алуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртібін әзiрлейдi; 3) мүгедектердi оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi.
10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi 1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасын бекiтедi; 2) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады; 2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындарды құрады; 3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi; 4) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады; 5) мүгедектердi оңалту жөніндегі мамандарды, оның iшiнде ымдау тілінiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады; 6) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады; 7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi; 8) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi; 9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады; 11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен, аумақтық уәкiлеттi мәдениет органдарымен бiрлесiп мәдени-көпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады; 12) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi.
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi 1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасын бекiтедi; 2) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. 2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады; 2) мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының тиiстi аумақта iске асырылуын қамтамасыз етедi; 3) мүгедектерге әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады.
12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу 1. Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой, психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, өндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жөніндегі iс-шаралар. 2. Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттік органдар, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама 1. Адамның мүгедектiгi мен еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуi жолымен жүзеге асырылады. 2. Медициналық-әлеуметтiк сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен, куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалауға сүйенiп жүзеге асырылады. 3. Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеген кезде олардың себептерi, мерзiмi, басталған уақыты, қосымша көмек түрлерiне және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудегi қажеттіліктерi анықталады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы әзiрленедi. 4. Мүгедектiк тобы он алты жастан бастап белгiленедi.
14-бап. Мүгедектердiң құқықтары Қазақстан Республикасында мүгедектер: 1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға; 2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге; 3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 4) білім алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға; 6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға; 7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; 8) мемлекеттік және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге; 9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, білім беру және олардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бiрдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.
Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды. Жергiлiктi атқарушы органдар мен жұмыс берушi әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерiн көрсетуге құқылы.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 16-1 баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) 16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек 1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған мүгедектерге (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар қамқоршылары (бұдан әрі - медициналық- әлеуметтік мекеменің әкімшілігі) екінші деңгейдегі банктерде ашатын олардың банк шоттарына есептеледі және медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, қамқорлықтағылардың жеке мұқтаждарына қосымша тамақ, дәрі-дәрмек, киім, аяқ-киім, іш киім, бірінші қажеттіліктегі заттар, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитарлық гигиена және медициналық көмек құралдарын сатып алу үшін пайдаланады. 2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті. 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.
1. Мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды. 2. Мүгедектердi оңалту мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасына және медициналық-әлеуметтiк сараптама негiзiнде анықталатын мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы Оңалтудың кешендi бағдарламасы мүгедектердi оңалтуға, оңалту ұйымдары мен мекемелерi желісін дамытуға, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, әлеуметтiк қызметтер көрсетуге және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз кiрiп-шығуын, мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердi даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға бағытталған iс-шаралардың кепiлдiк берiлген тiзбесiн көздейдi.
19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы 1. Оңалтудың жеке бағдарламасы организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды. 2. Оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегiн көрсетiлетiн оңалту iс-шараларын, сол сияқты ақысын төлеуге мүгедектiң өзi немесе оның жұмыста мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына кiнәлi жұмыс берушi қатысатын оңалту iс-шараларын да қамтиды.
20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту 1. Мүгедектердi медициналық оңалту: 1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн); |