ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 336 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (2011.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағының 1) тармақшасын, «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 қаулысы және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін — халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.dov.kz, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ облыстардың, Астана қаласының Білім басқармаларының, бөлімдердің ақпараттық стенділерінде осы стандарттың 1, 2 - қосымшаларына сәйкес орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама немесе мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|