Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы
Осы редакция 2010 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 17) тармақшасына, 14, 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар
1 бөлім. Арал-Сырдария бассейні бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдар
1 тарау. Шардара су қоймасы және Оңтүстік Қазақстан облысы шегінде Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы
1. Осы тараудың Ережесі Шардара су қоймасы мен оның барлық салаларына және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы (бұдан әрі - ОҚО) шегінде Сырдария өзеніне арналған. 2. Келесі мерзімде балық аулауға тыйым салынады: 1) 1 наурызбен 30 маусым аралығында Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы Шығыс тасталым, Күркелес өзені сағасының сызығынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Отырлы, Күркелес өзендерінің сағасы, Корей шығанағы) негізгі уылдырық шашатын учаскелерінде; 2) 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында Шардара су қоймасының барлық су айлағында; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|