Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру»
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - өтініш иесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы негізінде жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі -уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру болып табылады. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы кепіл беруші мен кепіл ұстаушыға беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушылар қажетті құжаттарын тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап: 1) жазбаша өтініші түскен сәттен бастап 7 (жеті) күн ішінде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін алым ставкасы - қолданыстағы алым төлеу күніндегі бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтар үй-жайларында стендтерде орнатылады. 10. Уәкілетті органда мереке және демалыс күндерін қоспағанда, оның жұмысын қамтамасыз ететін, түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Уәкілетті органның үй-жайларында бөлек кіретін есік, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін тұтынушы (тұтынушының уәкілетті өкілі) мыналарды ұсынуға тиіс: 1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті; 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал тұлғаның өкілі - оның өкілеттіктерін растайтын құжатты, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты; 3) төленгендігі туралы банктің белгісімен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алғаны үшін алым енгізгені туралы құжатты. 13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп кітабында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етуді жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жасалуын және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады. Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін: - жоғалтқанның орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын әзірлеуді; - орындалған құжаттар тізілімін қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жіберуді жүзеге асырады. Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс. сұрау салудың нөмірін және қабылдау күнін; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын; құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуімен, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. 16. Уәкілетті органда дайын құжаттарды тұтынушыға беруді онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға беруді онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде «терезе» арқылы күн сайын Орталық инспекторы жүзеге асырады. 17. Құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде күту залының «терезесі» арқылы бас тарту себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы көрсетілген жағдайда, құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кейіннен тұтынушыға беру үшін Орталыққа бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады. Шағым уәкілетті орган мен Орталық директорының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, және 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
24. Уәкілетті орган басшылары мен Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес айқындалады. Уәкілетті орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген. Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|