Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылы 8 сәуірдегі № 96 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А.Қ. Қазыбаев): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 16 бұйрығымен бекітілді
Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, субъектілерді жоғары, орташа не елеусіз тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленген. 2. Осы Критерийлерде тәуекел деп тауар биржалары қызметінің нәтижесінде биржалық саудаға қатысушыларға мүліктік залал келтіру ықтималдылығы түсіндіріледі. 3. Бастапқы кезеңде қазіргі және жаңадан құрылған тауар биржалары жоғары тәуекел тобына қосылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|