Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2010 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін
1. «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету жартылай автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасының, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысының 9-тармағының; «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары; аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараты (бұдан әрі — бөлімдер), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі — орталық) осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларға мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру немесе балаларды тіркеу туралы хабарлама жіберу болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|