Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде), тоғандарында, су қоймаларында және басқа да суаттарында (немесе олардың учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу тәртібін айқындайды. 2. Балық шаруашылығын жүргiзу деп заңды және жеке тұлғалардың балық ресурстары мен басқа су жануарларын, ұтымды пайдалану, оларды қорғау, өсiмiн молайту, өсiру, аулау, қайта өңдеу және сату жолымен шаруашылық-пайдалы өнiмдi алуға бағытталған шаруашылық қызметiн жүзеге асыруы түсiнiледi. 3. Балық шаруашылығын жүргізуді бақылауды балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын негiзгi қағидаттар мен талаптар
4. Балық шаруашылығын жүргiзумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негiзделедi: 1) балық шаруашылығын экологиялық, экономикалық, ғылыми және өзге де мүдделердi оңтайлы үйлестiру негiзiнде жүргiзу; 2) балықтардың және басқа да су жануарларының түрлiк сан алуандығын сақтау, көл-тауар шаруашылығын жүргiзу үшiн берiлген суаттарды қоспағанда, оларды пайдаланудың ғылыми ұсынымдарға негiзделген режимiн белгiлеу; 3) балық ресурстарын пайдалану құқығын су объектiлерiн пайдалану құқығынан бөлу; 4) балық қорларын қорғау мүддесi үшiн балық шаруашылығы суаттарын басқа пайдаланушылардың құқықтарын шектеу; 5) балық ресурстарына әсерiн тигiзетiн немесе тигiзуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызметтiң мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуiнiң мiндеттiлiгi; 6) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың суаттардың ихтиофаунасы мен оларды қоршаған ортаға келтiрген зиянын толық өтеуi. 5. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын негізгi талаптар: 1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын биологиялық негізделген түрде және тұрақты пайдалану; 2) суаттардың өнiмдiлiгін сақтау, балықтарды және басқа да су жануарларын көбейтудiң, өрiс аудару жолдары мен олар шоғырланған жерлерiнiң оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету; 3) осы Ереженiң талаптарын сақтау; 4) балық ресурстарының өсiмiн молайту; 5) ауланған балық пен басқа да су жануарларының есебiн жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға есеп беру; 6) балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметтi құру және оны ұстау есебiнен бекітілген суаттарын (учаскелерiн) және сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнiп тұрған жануарларды қоса алғанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ету; 7) Қазақстан Республикасының балық қорлары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес басқа да талаптарды орындау. 6. Балық шаруашылықтары өз қызметiнiң бағыттарына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) балық өнеркәсiбi шаруашылығы - негізгi қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметі оларға балықты және басқа да су жануарларын аулау лимитiн белгілейтiн халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар табиғи суаттарда балықты және басқа да су жануарларын аулау, қайта өңдеу және өткізу болып табылатын шаруашылық; 2) тоғандық шаруашылық - тауарлық балық пен балық орналастыру материалын шығару және оларды одан әрi сату мақсатында жасанды түрде жасалған су тоғандарында құрылатын шаруашылық. Тоғандық шаруашылық шабақ өсiру мен жайып семiрту бөлiмдерi бар шаруашылық және тек шабақ өсiру немесе тек жайып семiрту бөлiмдерi бар шаруашылық болып бөлiнедi. Шабақ өсiру бөлiмiнде өсiмдi молайту мен суаттардың балық қорларын толықтыруға, сондай-ақ тауарлық өнiм алу мақсатында шаруашылықтың жайып семiрту бөлiмiне балық жiберуге арналған балық орналастыру материалдарын өсiру жүргiзiледi. Жайып семiрту бөлiмiнде балықты тауарлық мөлшерге дейiн өсiру жүргiзiледi. Тоғандық шаруашылықтарға уылдырық шашу-өсiру шаруашылықтары, балық питомниктерi, сондай-ақ тауарлық өнiмдi өсiруге мамандандырылған шаруашылықтар жатады. Уылдырық шашу-өсiру шаруашылықтары, питомниктер - тоғандық шаруашылықтың балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнiп тұрған түрлерiн сақтау, санын ұлғайту мақсатында балықтарды жасанды жолмен өсiру үшiн құрылатын немесе суаттардың балық ресурстарын толықтыру мақсатында кейiннен балық орналастыру материалын тiршiлiк ету ортасына шығара отырып, ихтиофаунаны қалыптастыруға бағытталған түрi; 3) көл-тауар балық өсiру шаруашылықтары (бұдан әрi - КТБШ) - тауар өнiмiн алу үшiн балықтарды және басқа да су жануарларын көбейту және өсiру мақсатында құрылатын шаруашылық. Көл-тауар балық өсiру шаруашылығына жатқызу үшiн суаттарды анықтау және кейiннен оларға балық жiберу немесе ихтиофаунаның басқа түрлерiмен жерсiндiру балық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздемесiнiң, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде және уәкiлеттi органның келісімiмен заңды немесе жеке тұлғалардың бастамасы бойынша су шаруашылығы суаттарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорынан жүзеге асырылады.
3. Балық шаруашылығын жүргiзу үшiн Негiздемелер
7. Мыналар: облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) бекітіп беру туралы шешiмi; уәкiлеттi орган мен пайдаланушының арасында жасалған балық шаруашылығын жүргiзу шарты (қосымша) жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргiзуi үшiн негiздемелер болып табылады. 8. Балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) пайдаланушыға бекітіп беру уәкiлеттi органның заңнамада белгіленген тәртiппен өткiзген балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) бекітіп беру жөніндегі конкурсының қорытындылары негiзiнде облыстық атқарушы органның шешiмiмен жүзеге асырылады. 9. Балық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта: 1) шарттың мәнi; 2) балық шаруашылығын жайластыру және суатты (учаскенi) биологиялық-экономикалық тексеру iс-шаралары; 3) балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру мерзiмi; 4) шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi; 5) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; 6) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсiмiн молайтуды және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету шарттары көзделедi. 10. Орал-Каспий бассейнiнiң балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде) балық аулаудың квотасын игеру уәкiлеттi орган белгілеген кәсiптiк уақыт бойынша (сағат бойынша) жүзеге асырылады. 11. КТБШ ұйымдастыру мақсатында суаттарды (учаскелердi) пайдаланушыларға бекітіп берудi жергілiктi атқарушы органдар конкурстық негізде жүзеге асырады.
4. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) және жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау
12. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) және жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды балық шаруашылығы ұйымдары: 1) балық шаруашылығын, жануарлар дүниесі объектiлерiн қорғау режимi туралы және қорғау режимi мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ақпарат беретiн плакаттар орнату; 2) қорықшылық қызметiн құру және оның күзет қызметін ұйымдастыру; 3) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шаралар жүргiзу; 4) жергiлiктi тұрғындардың арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеясын насихаттау; 5) балық шаруашылығын жүргізудiң iшкi тәртібін белгiлеу арқылы жүзеге асырады.
5. Жануарлар дүниесiн пайдалану
13. Балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргізу кезiнде жануарлар дүниесiн пайдалану арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан коммерциялық, ғылыми және қолданыстағы заңнамада тыйым салынбаған басқа да мақсаттарда алу арқылы пайдалану жатады. 14. Балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын арнайы пайдалануға балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) бекітіп беру кезеңiне қарай 10-нан 49 жылға дейiн мерзiмдер белгіленедi.
6. Шаруашылықiшілік балық шаруашылығын жайластыру
15. Шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын жайластыру - олардың негiзiнде балық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) түгендеу, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерделеу, балық ресурстарын аулауды есепке алу, балық өсiру-мелиоративтiк, пайдалану, қорғау мен өсiмдi молайту іс-шараларын жобалау жөніндегі iс-шаралар кешенi. 16. Шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын жайластыруды жүзеге асыру балық шаруашылығын жүргiзудiң мiндеттi шарты болып табылады. 17. Шаруашылықiшiлiк жайластырудың мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен материалдары бойынша әзiрленген балық шаруашылығын жүргiзу жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша балық шаруашылығы ұйымы бекiтедi және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектiсi болып табылады. 18. Шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын жайластырудың жобасы балық шаруашылығын жүргiзу шартының жасалу мерзiмiне әзiрленедi. 19. Шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын жайластыру: 1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының және олардың өмiр сүру ортасының жай-күйiн бағалауды қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы қызмет түрiне құқығы бар ғылыми ұйымдар жүргiзетiн алудың оңтайлы жол берiлетiн көлемдерiн айқындауды; 2) ағымдағы мелиорация жүргiзу және бөлектенiп қалған суаттарда жас балықтарды құтқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi; 3) биологиялық-экономикалық негіздемелердiң нәтижелерiне сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау мен олардың өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрлеудi; 4) балық шаруашылығы қызметiнiң неғұрлым тиiмдi бағытын (спорттық, кәсiптiк, кешендiк және т.б.) айқындауды қамтиды.
7. Балық шаруашылығын жүргiзудiң экономикалық тетiктерi
20. Балық шаруашылығын жүргiзу саласындағы экономикалық тетiктер: 1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйiн бағалау және пайдаланушыларға бекітілiп берiлген балық шаруашылығы суаттарындағы (учаскелеріндегі) алудың оңтайлы жол берiлетін көлемдерiн айқындау жөнiндегі ғылыми жұмыстарды пайдаланушылардың қаражаты есебiнен қаржыландыруды; 2) пайдаланушының балық және басқа да су биоресурстарын қорғау мен өсiмiн молайту бойынша iс-шараларды жоспарлауын және қаржыландыруын; 3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес пайдаланушының балық және басқа да су биоресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдердi қамтамасыз етуiн; 4) шаруашылық жүргізу субъектiлерiнiң балық және басқа да су жануарлары ресурстарына өздерi келтiрiлген зиянды өтеуін; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді; 6) спорттық-әуесқойлық балық аулауға арналған жолдамалар сатуды қамтиды. 21. Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкін.
балық шаруашылығын жүргізу ережесіне қосымша
Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған ШАРТ
200_ ж.»__»_________ ______________ (елдi мекен) _______________________ облысы әкімінiң балық шаруашылығы суаттарын негiзiнде әрекет ететiн бұдан әрi «Пайдаланушы» деп аталатын екiншi тараптан мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты: 1. Шарттың мәнi
1. Басқарма _______________ облысы _________________________ ауданында орналасқан Пайдаланушыға бекітілiп берiлген балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргізу құқығын бередi. 2. Балық шаруашылығы суаттарының (учаскелерiнiң) тiзiмi және/немесе олардың нөмiрлерi ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Пайдаланушы: 1) бекітілiп берiлген балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзуге; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiптiк және спорттық-әуесқойлық балық аулау тәртібін, мерзiмiн және тәсiлiн белгілеуге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жолдамалар беруге; 4) берiлген рұқсатқа сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға; 5) ауланған балық ресурстарына және бұл жағдайда алынған өнiмге меншiкке; 6) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын (бұдан әрi - балық ресурстары) пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. 4. Пайдаланушы: 1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдi уақытылы енгiзуге; 3) шаруашылықiшiлiк балық шаруашылығын жайластыруды жүргізуге; 4) жануарлардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауына жол бермеуге; 5) балық ресурстарын халық және қоршаған орта үшiн қауiпсiз, табиғи қоғамдастықтардың тұтастығын бұзуға және жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға; 6) балық ресурстарын аулаудың есебiн жүргiзуге және белгiленген мерзiмде басқармаға есеп беруге; 7) бекітілiп берiлген балық шаруашылығы суаттарында балық ресурстарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупіндегілердi қорғауды және өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге; 8) биологиялық-экономикалық зерттеулердiң нәтижелерiне сәйкес балық ресурстарының өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар жүргiзуге; 9) iшкi тәртiп ережелерiн белгілеуге, пайдалану учаскелерiн және балық ресурстарының өсiмiн молайтуға арналған учаскелердi құруға; 10) балық ресурстарын қорғау режимi туралы ақпарат беретiн маңдайшалар _________ (дана), трафареттер _________ (дана), плакаттар __________ (дана) орнатуға; 11) _________ (адамнан) тұратын қорықшылық қызметін құруға; 12) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) және ветеринарлық iс-шаралар жүргiзудi қамтамасыз етуге; 13) биотехникалық iс-шараларын кешенiн жүргiзудi қамтамасыз етуге; 14) 20___ ж.»____»дейiн шаруашылықiшілiк балық шаруашылығына жайластыруды жүргiзуге және оның орындалуын қамтамасыз етуге; 15) осы шарттың талаптарын орындауға мiндеттi. 5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретiнiң шегiнде: 1) Пайдаланушыға бекітілiп берiлген балық шаруашылығы суаттарына (учаскелерiне) кедергiсiз келуге; 2) Пайдаланушының лауазымды адамдарын балық шаруашылығын жүргiзу ережесін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға; 3) құзыретiнiң шегiнде ұйғарымдар мен қаулылар енгiзуге құқылы. 6. Басқарма заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Пайдаланушының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын орындауын және осы шарттың талаптарын сақтауын бақылауға; 2) Пайдаланушы берген өтiнiмдерге сәйкес квоталар бөлуге және балық ресурстарын пайдалануға рұқсат беруге; 3) Пайдаланушының қорықшылық қызметi жасаған және берген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға мiндеттi.
3. Тараптардың жауапкершiлігі
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша мiндетттемелердi орындамаған жағдайда Басқарма орын алып отырған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзiмiн белгілейдi. Егер Пайдаланушы кемшiлiктердi көрсетiлген мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. 8. Басқарма Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Қорытынды ережелер
9. Осы шарт қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi жәнe ____ жыл мерзiмге жасалды. 10. Балық шаруашылығын жүргiзу шартының қолданылуы: 1) балық ресурстарын пайдаланудың өз еркімен бас тартқан; 2) балық ресурстарын пайдаланудың мерзімі аяқталған; 3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған; 4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптары жүйелі түрде бұзылған; 5) балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерін) бекітіп беру жүргізілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынған; 6) балық ресурстарын арнайы пайдалануға рұқсаттан айырған; 7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген өзге де негiздемелер туындаған жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн. 11. Балық шаруашылығын жүргiзу жөнiндегі дауларды шешу кезiнде тараптар осы шарттың талаптарын, шаруашылықiшілiк балық шаруашылығын жайластыруды және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 12. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен шешiледi. 13. Осы шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде, бiрдей заңдық күшi бар ____ данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен қолтаңбалары
"БАСҚАРМА" "ПАЙДАЛАНУШЫ" М.О. M.O.
|