Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың екінші жарты жылдығына және 2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 тамыздағы № 1108 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосы беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесі бекітілсін. 2. «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 шілдедегі № 1065 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 39, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақтың екінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысымен бекітілген
Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесі
Осы Ереже экономикалық барлық салаларында энергия үнемдеуге сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді, энергия үнемдеу объектілерінің отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау және отын-энергетикалық шығындарды төмендетудің мүмкіндіктерін айқындау мақсатында қорытынды дайындаудың, жүргізудің және берудің сабақтастығын реттейді.
1. Энергия үнемдеуге сараптама республиканың аумағында ұйымдардың отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалау және оны арттырудың мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіледі. 2. Энергияны үнемдеуге сараптама жасауға: өндірістік күштерді дамыту мен орналастыру сызбаларының жобалары, экономиканың салаларын дамыту сызбаларының жобалары, энергияны үнемдеудің аумақтық сызбалары, энергия үнемдеуге байланысты техникалық құжаттар; шартты отынның 500 және одан да көп тонна жылдық отын-энергетикалық ресурстарын тұтынатын жаңа объектілер мен ұйымдардың құрылысын салудың және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтудің (қайта жаңартудың, техникалық қайта жабдықтаудың, жетілдірудің) техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалары; нұсқаулық-әдістемелік және нормативтік-техникалық актілердің жобалары, құрылыс нормалары мен ережелері, жаңа энергия үнемдеу саласында қызметтің энергияны көп қажет ететін техниканы, технологиясын және материалдарын жасауға және сатып алуға арналған құжаттама жатады. 3. Осы Ереже шартты отынның 500 және одан да көп тонна жылдық отын-энергетикалық ресурстарын тұтыну арқылы отын-энергетикалық ресурстарын өнім өндіру, қызмет көрсету және өз мұқтаждарына жұмсау үшін пайдаланатын барлық ұйымдарға қолданылады. Энергия үнемдеуге сараптама жасауды қаржыландыру ұйымдардың өз және заемдық қаражаттарының, заңдарға қайшы келмейтін өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2002.23.01. № 91 қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Республикада энергия үнемдеуге сараптама жүргізуді бақылауды және реттеуді Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2002.23.01. № 91 қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Энергия үнемдеуге сараптама жүргізу және қорытындылар беру жөніндегі жұмыстарды белгіленген тәртіппен тіркелген басқа да ұйымдар жүзеге асырады.
2. Энергия үнемдеуге сараптама жасаудың түрлері
6. Энергия үнемдеуге сараптама жасау: өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру сызбаларының жобаларына, экономиканың салаларын дамыту жобаларына, энергияны үнемдеудің аумақтық сызбаларына сараптама жасауға; нормативтік-техникалық актілердің жобаларына, нормалар мен ережелердің, жаңа энергияны көп қажет ететін техниканы, технологияны және материалдарды жасауға және сатып алуға арналған құжаттамалардың жобаларына, жылына шартты отынның 500 және одан да көп тонна жиынтық отын-энергетикалық ресурстарын тұтынатын жаңа объектілердің құрылысын салудың және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларына сараптама жасауға; отын-энергетикалық ресурстарды жиынтық тұтынуы жылына 500 тонна және одан да көп шартты отынды құрайтын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен ұйымдарға сараптама жасауға бөлінеді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен ұйымдарға сараптама жасау іске қосу алдындағы, бастапқы, кезеңдік (қайталама), кезектен тыс, жергілікті және шұғыл сараптама жасауды қамтиды. Энергия үнемдеуге сараптама жүргізудің кезеңділігі - үш жылда бір реттен кем емес. 7. Сараптама жасау ұйымы энергия объектілерінің энергия тұтыну жабдығын жіберер және іске қосар алдында зерттелмекші объектінің мемлекеттік стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және монтаждалған жабдықтың энергиялық тиімділігі көрсеткіштері бойынша жобалық деректеріне сәйкестігіне сараптама жасайды. Сараптама жасаудың нәтижелері бойынша Комитет энергияны пайдаланушы жабдықты жіберу немесе іске қосу туралы шешім қабылдайды. 8. Алғашқы сараптама жасау кезінде отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалау жүргізіледі. Отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланатын жабдықтың жұмыс істеу тиімділігі (отын-энергетикалық ресурстарды есепке алудың жай-күйі, оларды пайдалану жөніндегі есептілік, отын-энергетикалық шығындарды талдау және т.б.) тексеріледі. Зерттеу нәтижелері үлгісін Комитет бекітетін отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушының энергетикалық төлқұжатына енгізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдары бар қорытынды беріледі. 9. Мерзімді (қайталама) сараптама жасау кезінде бұрын берілген ұсынымдардың орындалуы тексеріледі, энергия ресурстарын тұтынудың қарқыны мен өнім шығаруға үлестік шығыны (энергия сыйымдылығы, өндірістің жалпы материалдық шығындарындағы энергия ресурстарының құны) бағаланады. Зерттеу нәтижелері бойынша отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушының энергетикалық төлқұжатына өзгерістер енгізіледі және ұсынымдары бар қорытынды беріледі. 10. Кезектен тыс сараптама Комитеттің бастамасы бойынша мынадай жағдайларда, егер: бірқатар жанама белгілер (энергия ресурстарын жалпы және үлестік тұтынудың, өнімнің және ондағы құрайтын отынның өзіндік құнының, қоршаған ортаға қалдық тастаудың және т.б. өсуі) бойынша отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігінің күрт төмендеуі туралы болжамдар пайда болса; сараптаманың нәтижелері оның дұрыстығына күмән тудырса; отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушының мемлекеттік басқару органдарына отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты жеңілдік беру туралы өтініші болса жүргізіледі. 11. Жергілікті сараптама мен шұғыл сараптама жасау жүргізілу ауқымы мен мезгілі жөнінен шектеулі сипатта болады. Бұл ретте отын-энергетикалық ресурстар түрлерінің бірін (электр немесе жылу энергиясын, сұйық немесе газ тәріздес отынды), екінші мәрте энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігіне, не агрегаттар тобы бойынша (жекелеген агрегаттарға) немесе тиімділіктің жекелеген көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізіледі.
3. Энергия үнемдеуге сараптама жүрудің әдістемелері
12. Сараптама жасау ұйымдары энергия үнемдеуге сараптаманы Комитет бекіткен әдістемелер бойынша жүргізеді. 13. Көрсетілген әдістемелер экономиканың салаларында отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалаудың бар әдістерінің негізінде жасалады. 14. Энергия үнемдеуге сараптама жүргізу алдында зерттелетін отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушымен келісілетін, таңдап алынған әдістемеге сәйкес жұмыс бағдарламасы (техникалық тапсырма) жасалады.
|