Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 323 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат): 1-тармақта: Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бөрібаев Асқар Исмайылұлы, Уәйісов Мерей Құрманұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын. 2. «Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысында: 1-тармақта: Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Балтабаев Қуаныш Жетпісұлы, Бахтыбаев Ілияс Жақыпбекұлы, Елекеев Ирак Қасымұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Иманқұлов Еділбай Исламұлы, Меркель Иоган Давидович, Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын. |