|
|
|
Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңының 19-бабы 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі; 2) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің нысандары: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлік баланс» нысаны; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Пайда мен зияндар туралы есеп» нысаны; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тура әдіс)» нысаны; осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)» нысаны; осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп» нысаны бекітілсін. 2. «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4767 тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 3 тамыздағы № 118(1321) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |