Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 828 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасы бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 47 қаулысымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату қағидасы
1. Осы Қағида телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату тәртібін айқындайды. 2. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламалары жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы коммерциялық негізде және республикалық бюджет қаражатының есебінен таралады. 3. Хабар таратудың жерсеріктік жүйелері халықаралық жерсеріктік ұйымдарға, жеке мемлекеттерге тиесілі орбиталық байланыс жерсеріктерін қамтиды.
Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату тәртібі
4. Отандық телевизия және радио бағдарламаларын коммерциялық тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт негізінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|