«Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі
тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) 2007 жылғы 1 шілдеге және 1 қазанға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2007 жылғы 10 шілдеге және 10 қазанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 351 қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі
тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауапты | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін әзірлеу |
1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҰБ | 2007 жылғы III тоқсан |
2. Елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу |
2 | «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде сыртқы қарыздар, есептер және өзге де келісімдер туралы кесімдерді дайындау және қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің 2002 жылғы 16 мамырдағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қаулысының жобасы | ҰБ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ | 2007 жылғы III тоқсан |
3 | «Республикалық және жергілікті бюджеттер- дің атқарылу ережесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ | 2008 жылғы І тоқсан |
4 | Корпоративтік және қаржылық секторлар борышының индикаторлары бойынша статистикалық есептіліктің нысанын жетілдіру | СА-ның бұйрығы | СА (жинақтау), ҰБ, Қаржымині, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар, «Қазына» АҚ, «Самұрық» АҚ | 2007 жылғы II тоқсан |
5 | «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | ЭБЖМ | 2008 жылғы І тоқсан |
6 | «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Қаржымині | 2008 жылғы І тоқсан |
3. Елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру үшін қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізу |
7 | Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың тәуекелдерін бағалау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қаржымині (жинақ- тау), ЭБЖМ, ҰБ | Жыл сайын, 1 ақпанға дейін |
8 | Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдардың тізбесін, олардың сыртқы борышының мониторингін жүзеге асыру мақсатында мемлекетті қатыстыра отырып қалыптастыру | ҰБ-не ақпарат | Қаржымині (жинақ- тау), өзге де мүдделі мемлекеттік органдар, «Қазына» АҚ, «Самұрық» АҚ | Тоқсан сайын |
9 | Мемлекеттік сектордың сыртқы борышының, оның ішінде мемлекетті қатыстыра отырып ұйымдардың, сондай-ақ олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдары бойынша борышының және жеке қаржылық әрі корпоративтік секторлардың сыртқы борышының мониторингі | Мәліметтер жинау, мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыну | ҰБ, Қаржымині, ЭБЖМ | Тоқсан сайын |
10 | Қайта қаржыландыру тәуекелдерінің, өтімділік, валюталық және пайыздық тәуекелдердің мониторингі | Қаржы тұрақтылығы туралы есеп | ҰБ, Қаржымині, ЭБЖМ, ҚҚА | Жыл сайын, желтоқсан |
11 | Жеке сектордың мемлекеттік борышы мен сыртқы борышы бойынша кіріктірілген ақпараттық дерек қорын тоқсан сайын жаңарта отырып құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҰБ, ҚҚА, СА, АБА, ЭМРМ | 2007 жылғы ІІІ тоқсан |
12 | Левереджді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде қаржылық және қаржылық емес ұйымдарға арналған қарыз алушы левередж- дің шекті коэффициенттерін төмендету мүмкіндігін зерделеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | ЭБЖМ (жинақтау), ҰБ, Қаржымині | 2007 жылғы IV тоқсан |
13 | Жекелеген бағыттар (секторлар) бойынша сыртқы борыштың ЖІӨ-ге қатысты шекті мәндерін белгілеу мүмкіндігін зерделеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | ЭБЖМ (жинақ- тау), ҰБ, Қаржымині | 2007 жылғы III тоқсан |
14 | Келісім-шарттарда экономикалық және қаржылық дағдарыстар кезеңінде шетелдік инвесторлардың қазақстандық ұйымдардың өнімдерін және өзге де ішкі активтерін (екінші деңгейдегі банктер- дегі депозиттерді) алып қоюына тыйым салатын (немесе азайтатын) шарттарды көрсету мүмкіндігін зерделеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҰБ, ЭМРМ | 2007 жылғы III тоқсан |
15 | Қажетті қаржы ресурстарын тарту үшін несие капиталының ішкі нарығында балама көздерді дамыту үшін жағдай жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ҚҚА (жинақтау), ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині | 2007 жылғы III тоқсан |
16 | Кірістілік ауытқымасын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Қаржымині шығаратын МБҚ-нің жеткілікті көлемін ұстап тұру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қаржымині | Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін |
17 | Мемлекеттік сектордың, борыштық міндеттемелері неғұрлым елеулі болып табылатын қаржылық және корпоративтік секторлары ұйымдарының сыртқы борышының жай-күйіне жүйелі мониторинг пен оны бағалау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҰБ (жинақтау), ҚҚА, ЭБЖМ | Тоқсан сайын |
18 | Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу және борышты басқару рәсімдерін жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы III тоқсан |
19 | Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиясы және келісім-шарты бар шетелдің қатысуымен компаниялар тізбесін жасау | Ақпарат жинау | ЭМРМ | Тоқсан сайын |
20 | Елдің резидент компанияларына арналған несие капиталының нарығында хеджирлеу құралдарын дамыту үшін жағдай жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚҚА | 2007 жылғы III тоқсан |
21 | Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалау, инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының стандарттарына және Еуропалық одақ директиваларының ережелеріне жақындату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚҚА | 2007 жылғы III тоқсан |
22 | Халықаралық әдіснаманы ескере отырып және басқа елдермен салыстыруда Қазақстан Республикасы сыртқы борышының салыстырмалы көрсеткіштерінің жай-күйін бағалау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне талдау жазба | ҰБ | Жыл сайын, II тоқсан |
23 | Мемлекет басым қатысатын ұйымдардың активтерін инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейтін норма- тивтік құқықтық актілерді сәйкес келтіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қаржымині (жинақтау), ҰБ, «Қазына» АҚ, «Самұрық» АҚ | 2007 жылғы IV тоқсан |
Ескертпе:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі «Самұрық» АҚ - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ
«Қазына» АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ
МҚБ - Мемлекеттік бағалы қағаздар
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім