Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5- бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 202 қаулысымен бекітілген
Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат беру қағидасы
1. Осы Қағида «Биоотын өндіретін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат беру тәртібін белгілейді. 2. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотын өндіретін зауыттар салуға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) береді.
3. Рұқсатты ресімдеу үшін заңды тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) рұқсат беру туралы өтініш (осы қағидаға 2-қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып еркін нысанда беріледі); 2) салыстырып тексеру ұшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде тіркеу құжаттарының көшірмесі; 3) «Биоотын ондірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 8-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қамтитын биоотын өндіретін зауытты салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|