Қазақстан Республикасының (2010.15.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 58-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс.». 2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-баптың оныншы бөлігіндегі «Шағын кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздер «Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестіктің өтінішін қоспағанда, тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариат тәртібімен куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.»; 3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) мен құжаттарды беру мерзімдері Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу - үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. 3) тармақшаның алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне мемлекеттік статистика органдарындағы және салық органдарындағы тіркеу мерзімдері кірмейді. Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру: шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде; өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей; жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізілуге тиіс. Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру: шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде; өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей; жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады.»; бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігімен заңды тұлғаның құрылу (қайта тіркелу) және филиалы мен өкілдігінің тіркелу (қайта тіркеу) фактісі куәландырылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауы (оның ішінде филиал мен өкілдікті құрушы заңды тұлғаның атауы) және орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылады.»; екінші бөлігі «тіркеу» деген сөзден кейін «(қайта тіркеу)» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлігінде «оның алып қойылған, қолданылу мерзімі біткен» деген сөздер «оның қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 15-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.». 3. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат): 4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс.». 4. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат): 1) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын қоспағанда, серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс. 5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысының, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттардың даналары серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады.»; 3) 19-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда, өтінішке барлық құрылтайшылар қол қойып, олардың қойған қолдарының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.»; 4) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жүз теңгеден кем болмауға тиіс шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарының сомасына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге жарғылық капиталының мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс.»; 5) 24-баптың 1-тармағы алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат): 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастырады;». 6. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету;». 2-бап. 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қаңтардың 20-сы. № 239-ІV ҚРЗ
|