Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген
«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
1. Осы «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) қызметтің аталған түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметі нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды тұтынушылардың мүдделерін қорғау, темір жол жылжымалы құрамының бірыңғай мемлекеттік деректер банкінің болуын және жұмысқа қабілеттігін қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктерді және багажды тасымалдау жөніндегі қызметте пайдаланылатын темір жол жылжымалы құрамын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі — мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 нөмірмен тіркелген), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: тіркеуші органға өтініш білдірген кезде; тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап: отыз күнтізбелік күн; 1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды; 2) темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеуші органға қажетті құжаттардың келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz. мекенжайы бойынша орналастырылған. Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. ХҚКО-на өтініш білдірген кезде: жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін жеке тұлға мыналарды ұсынады: 1) қабылдауды жүргізетін тіркеуші орган қызметкері беретін белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке тұлғаның қолымен куәландырылған темір жол жылжымалы құрамының қолда бар мүкәммал паркінің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдаудағы тізбесі; 3) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) темір жол жылжымалы құрамын иеліктен шығару шартының немесе сенімгерлік басқаруға беру шартының немесе мүлікті жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі; 5) темір жол жылжымалы құрамына арналған техникалық паспорт. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін заңды тұлға мыналарды ұсынады: 1) қабылдауды жүргізетін тіркеуші орган қызметкері беретін белгіленген үлгідегі өтініш; 2) заңды тұлғаның бірінші басшысының және бас бухгалтерінің қолымен куәландырылған темір жол жылжымалы құрамының қолда бар мүкәммал паркінің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдаудағы тізбесі; 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар; 5) темір жол жылжымалы құрамын иеліктен айыру шартының немесе сенімгерлік басқаруға беру шартының немесе мүлікті жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі; 6) темір жол жылжымалы құрамына арналған техникалық паспорт. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар: құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс; егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылдануы мүмкін. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі; құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс; мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс; тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс. 13. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады. 14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі. Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады. ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады. Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және отыз күнтізбелік күн ішінде темір жол жылжымалы құрамын тіркеуді жүргізеді. Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу; 2) жазбаларды Темір жол жылжымалы құрамының мемлекеттік тізіліміне енгізу; 3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттар беру. Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс. 15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 16. Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органның кеңсесі темір жол жылжымалы құрамының иесіне (өкіліне) темір жол жылжымалы құрамының куәліктерін беру тізіліміне қол қоя отырып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді. ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін: 1) жеке және заңды тұлғалар осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағанда; 2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде; 3) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшірулердің, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететін даналарында қолы және мөр болмағанда. Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттар пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға болатын жағдайларды анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерінің жазбаша негіздемесімен бірге ХҚКО-ға қайтарады. Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді. Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.
18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді. 22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін. Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. 23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.
24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08. ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|