Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау және кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілге берілген мүлікті иеліктен айыруға жол бермеу мақсатында темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 нөмірімен тіркелген), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелген орны бойынша берілген сенімгерлік басқару негізінде шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде; тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап: екі жұмыс күнінен артық емес; 1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; 2) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеу органына қажетті құжаттардың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алым тіркеу жүзеге асырылатын орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкалары «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және жеке тұлғалардан алым төленген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткішті; заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданыстағы бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz, мекенжайы бойынша орналастырылған. Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. ХҚКО-на өтініш білдірген кезде: жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін жеке тұлға «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254-І Заңының 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады. Темір жол жылжымалы құрам кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар: құжаттар мемлекеттік және орыс тілдеріне жасалған болуы тиіс; егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылдануы мүмкін. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі; құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс; мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс; тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс. 13. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады. 14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі. Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына кұжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады. ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады. Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және екі жұмыс күні ішінде темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеуді жүргізеді. Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу; 2) жазбаларды Темір жол жылжымалы құрамының кепілдерін тіркеу тізіліміне енгізу; 3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру. Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс. 15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 16. Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органның кеңсесі темір жол жылжымалы құрамының иесіне (өкіліне) темір жол жылжымалы құрамы кепілінің куәліктерін беру тізіліміне қол қойдырып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді. ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. 17. Тіркеуші орган кепілді тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін, егер: 1) кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 2) кепілді тіркеу туралы өтініш «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 3) кепілді тіркеу туралы тиісті емес тұлға өтініш жасаса; 4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат болмаса. Кепілді тіркеуден бас тартқан кезде тұтынушыға бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттар пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға болатын жағдайларды анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерінің жазбаша негіздемесімен бірге ХҚКО-ға қайтарады. Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді. Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.
18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді. 22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін. Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. 23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.
24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08. ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымша
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштердің мәні
|