Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы (2014.05.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын. 3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 304 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақтөбе әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Орал әскери тергеу бөлімі. 2. Алматы әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қапшағай әскери тергеу басқармасы. 3. Қостанай әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Петропавл әскери тергеу бөлімі. 4. Шымкент әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қызылорда әскери тергеу бөлімі. 5. Ақтау әскери тергеу бөліміне қосу жолымен Атырау әскери тергеу бөлімі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|