Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2010.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) мен «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) қосу жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) акцияларының мемлекеттік пакеттері Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды; 2) Қор Жарғысын бекітуді; 3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. «Kazakhmys PLC» және «Eurasian Natural Resources Corporation PLC» қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін «Kasakhmys PLC» және «Eurasian Natural Resources Corporation PLC» акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2009.27.07. № 1148 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Қорды тіркеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір апта мерзімде: 1) осы қаулының 5, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген бағалауды ескере отырып, тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді; 2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып, Қорға сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін. 8. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын. 9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) он күн мерзімде - Қор қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның жобасын; 2) бір апта мерзімде - жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізсін. 10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірлері 21-70, 21-71 және 21-85-жолдар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-109-жолмен толықтырылсын: «21-109. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ»; «Алматы облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 38-4-жол («Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ) алып тасталсын; «Ақтөбе облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 133-5-жол алып тасталсын; «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 165-14-жол алып тасталсын; «Қостанай облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 229-10-жол («Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ) алып тасталсын; «Маңғыстау облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 236-8-жол алып тасталсын; «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 298-жол («Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ) алып тасталсын. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 217-8 және 217-9-жолдар алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 237-19, 237-26, 237-27, 237-28, 237-29, 237-30, 237-31 және 237-32-жолдар алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 268-3-жол алып тасталсын. 3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде реттік нөмірлері 13-20-жолдар алып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын. 5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі», «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі», «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлімдер алып тасталсын. 6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы» және «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы» деген жолдар алып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 2009.27.05. № 785 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.15.03. Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына қосымша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
|