Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Осы редакция 2011 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекелі қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету. Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын жүйелердің бірі ретінде әлемдік қоғамдастық саралайтын мемлекеттік қаржының тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы
Реттелетін салаларды немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері. Ұлттық қор қаражатын 2006 жылдың ортасынан бері қолданылған ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепілдендірілген трансфертті айқындау кезіндегі шектеу республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауы болып табылды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|