Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы (2010.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже; 2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін. ҚР Президентінің 10.12.04 ж. № 1495 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2006.08.05. № 326 (бұр.ред.қара); 2008.23.04. № 575 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Президентінің 2010.27.09. № 1072 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Агенттіктің штат санының лимиті 416 бірлік мөлшерінде белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін; 2) Агенттікке оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік беруді жүзеге асырсын; 3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шаралар қолдансын. ҚР Президентінің 2006.08.05. № 326 Жарлығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Агенттік төрағасының үш орынбасары болады деп белгіленсін. 6. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгi туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|