|
|
|
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 16) тармақшасына және 33-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысына қосымша
Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар
1. Осы Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және кемені қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, кеме бортында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің талаптарын орындау үшін жеткілікті өздігінен жүзетін кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады. 3. Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді: 1) капитан-механик; 2) капитан; 3) механик; 4) кеме жүргізушісі-кеме механигі; 5) кеме жүргізушісі; 6) кеме механигі; 7) электромеханик. 4. Аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді: 1) капитан; 2) капитанның аға көмекшісі; 3) капитанның екінші көмекшісі; 4) капитанның үшінші көмекшісі; 5) аға механик; 6) екінші механик; 7) үшінші механик; 8) төртінші механик; 9) электромеханик (электрик); 10) радио маманы; 11) кеме аспазы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |