Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысымен бекітілген
Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 3. Осы Қағидада көзделмеген жүктерді тиеу және бекітудің техникалық нормалары, сұйық жүктерді құйма түрінде, қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібі мен шарттары Темір жол ынтымақтастығы ұйымының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) қатысушы елдер мен Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдерде (шарттарда) және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерде (шарттарда) белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|