Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен (2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі № 936 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1102 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат): 2-тармақта «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiмен (қаржы полициясы)» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. «2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжілісi барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 839 қаулысына: 3-тармақта «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген 2001 жылғы 4 сәуiрде Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақстан-литва комиссиясының екiншi мәжілісi барысында қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарында: «Орындалуына жауаптылар» деген бағанда: реттік нөмiрi 2-жолда: 1), 2) тармақшалардағы «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі», «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі», «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігi, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігi (қаржы полициясы)» деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 3-жолдағы «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 7-жолдағы «Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 10-жолдағы «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Мемлекеттік кiрiс министрлігінің Кеден комитетi, Қаржы полициясы агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 327 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: реттік нөмiрлерi 56, 57, 58, 63, 66, 70-жолдардың «Жауапты орындаушылар» деген бағанында «ҚПА» деген аббревиатура «ЭСЖҚА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 7. ҚР Үкіметінің 2006.05.05. № 371 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 8. «Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 465-құжат): 1-тармақта «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)» деген сөздермен ауыстырылсын.
|