|
|
|
Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кемелердегі қызмет жарғысы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 717 қаулысымен бекітілген
Кемелердегі қызмет жарғысы
1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі — Заң) 8-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін анықтайды. 2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажының мүшелері үшін, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдар үшін де міндетті. 3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады. 4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді. 5. Экипаждың еңбегін қолданыстағы еңбек заңнамасына, Заңға және осы Жарғыға сәйкес кеме капитаны ұйымдастырады. 6. Барлық экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жолаушылар ретінде кемеде уақытша болатын адамдардың функцияларын белгілейтін кеме кестелері кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізі болып табылады.
7. Кеме экипажының мүшелері: 1) су көлігі қызметкерлерінің абыройы мен намысын сақтайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |