«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы (2009.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қосымшаға сәйкес «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы
|