Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақша төлемдерi мен аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын
пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының
санаттары
P/c № | Сауда (қызмет көрсету) ұйымдары санаттарының атауы |
1 | 2 |
1 | Автомобильдер мен мотоциклдердi сатуды жүзеге асыратын және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі қызметтердi ұсынатын ұйымдар |
2 | Автомобильдер мен мотоциклдердi сатудан басқа көтерме және бөлшек сауданы, агенттер арқылы сауданы, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдалану заттарын жөндеудi жүзеге асыратын ұйымдар |
3 | Қонақ үй қызметтерiн ұсынатын ұйымдар |
4 | Ресторан немесе бар қызметтерiн ұсынатын ұйымдар |
5 | Әуе және темір жол көлiгiне жол жүру құжаттарын (билеттердi), багаж және жүк-багаж түбiртектерiн сатуды жүзеге асыратын ұйымдар |
6 | Су көлiгiмен қызметтер көрсететiн ұйымдар |
7 | Жүктердi көлiктiк өңдеу мен сақтау жөніндегі қызметтердi, қосымша қызметтердi және жүктердi тасымалдау жөніндегі қызметтердi ұсынатын ұйымдар |
8 | Туристік қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар |
9 | Аудан орталықтарына дейiнгiнi қоса алғанда, байланыс қызметтерiн ұсынатын ұйымдар |
10 | Сақтандыру саласындағы қызметтердi ұсынатын ұйымдар |
11 | Жылжымайтын мүлiкпен операциялар жасау жөніндегі қызметтердi ұсынатын ұйымдар (жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу және олармен жасалатын мәмiлелер саласында) |
12 | Денсаулық сақтау саласында тауарлар мен қызметтер сатуды жүзеге асыратын жеке ұйымдар |
13 | Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызметтердi ұсынатын ұйымдар және ойын-сауық-мәдени орталықтары |
14 | Фитнес, гольф және яхт клубтары, сондай-ақ жаттығу залдары, бассейндер, теннистiк корттар, атыс алаңдары бар спорт кешендерi |
15 | Құмар ойындарды ұйымдастыру жөніндегі қызметтердi ұсынатын ұйымдар |
16 | Жеке қызметтердi ұсынатын ұйымдар |
17 | Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызметтердi ұсынатын ұйымдар |
Ескерту: Сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндетті сауда (қызметтер көрсететiн) ұйымдарының аталған санаттары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектiлерi үшін арнайы салық режимiн қолданатын және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi жоқ орындарда орналасқан сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарына қолданылмайды.