Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері (2010.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Агенттік туралы ереже; 2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі; ҚР Үкіметінің 2008.02.12. № 1127 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 2. «Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 3. «Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 4. «Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 5. «Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 6. «Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 7. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.22.08. № 763 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.20.12. № 1372 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - өңірлік инспекциялары болады. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР Үкіметінің 2009.09.02. № 124 Қаулысымен 8-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс. 9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2009.09.02. № 124 Қаулысымен 13-тармақ редакцияда(бұр.ред.қара) 13. Монополияға қарсы органның міндеттері: 1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу; 2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу; 3) экономикалық шоғырлануға бақылау; 4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 2009.09.02. № 124 Қаулысымен 14-тармақ редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.20.12. № 1372 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 3) монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі; 6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды; 8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекені болдырмайды және олардың жолын кеседі; 9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді; 10) бәсекелестікті дамыту, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі; 11) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асырады; 12) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады; 13) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады; 14) тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерін, оларды сатып алуға қолжетімділікті, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын қаржылық ұйымдарға қатысты - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекітеді; 15) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды; 16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды айқындау жөніндегі әдістемені бекітеді; 17) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді; 18) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады; 19) нарық субъектілеріне: Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою; бастапқы жағдайды қалпына келтіру; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту; егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады; 20) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді; 21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады; 22) сотқа талап қойып және өтінішпен жүгінеді, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысады; 23) реттеуші органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді; 25) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді; 26) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді; 27) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, алдын ала келіседі; 28) мемлекеттік органдардың нарық субъектілеріне мемлекеттік көмек беруін келіседі; 29) тауар нарықтарын талдау нәтижелері бойынша реттеуші органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізеді; 30) тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызған кезде реттеуші органдарға және осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне тізілімнен үзінді көшірме жібереді; 31) реттеуші органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді; 32) реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады; 33) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды; 34) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін ұсынады; 35) құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді; 36) құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді; 37) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындайды; 38) мыналардың: экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың; мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың; нарық субъектілері ұсынатын өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді; 39) нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық органның) өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша қайта қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексереді; 40) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайда нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді; 41) тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді; 42) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмілелерді (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға, нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге алдын ала жазбаша келісімін ұсынады; ҚР Үкіметінің 2010.20.12. № 1372 Қаулысымен 42-1), 42-2), 42-3), 42-4) және 42-5) тармақшалармен толықтырылды 42-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 42-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді; 42-3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 42-4) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды; 42-5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасады; ҚР Үкіметінің 2010.20.12. № 1372 Қаулысымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
15. Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері Агенттіктің біртұтас жүйесін құрайды. 16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның ұсынысы бойынша Төрағаның Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Төраға Агенттікке басшылық жасауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді. ҚР Үкіметінің 2009.09.02. № 124 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды 16-1. Монополияға қарсы органның басшысы болып табылатын төраға басқаратын Басқарма монополияға қарсы органның алқалы басқару органы болып табылады. Басқарма бес адамнан тұрады. Басқарманың құрамына монополияға қарсы органның басшысы, оның орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметінен Басқарма мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады. ҚР Үкіметінің 2009.09.02. № 124 Қаулысымен 16-2-тармақпен толықтырылды 16-2. Монополияға қарсы орган басқармасының өкілеттіктері Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретіне: 1) бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау; 2) монополияға қарсы органның құзыретіне жатқызылған әдістемелерді бекіту; 3) экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, осы шешімдерді қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімдер қабылдау; 4) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау; 5) нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелер базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып сотқа жүгіну туралы шешім қабылдау; 6) бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыға жасалған шағымдарды қарау; 7) тергеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау; 8) монополияға қарсы орган Басқармасының жұмыс регламентін бекіту; 9) монополияға қарсы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қарау және қабылдау мәселелері кіреді. Монополияға қарсы орган Басқармасының отырыстары қажет болуына қарай, бірақ айына кемінде бір рет оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде өткізіледі. Монополияға қарсы орган басқармасының отырыстарын - Басқарма төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам жүргізеді. Монополияға қарсы орган қызметінің мәселелерін талқылау үшін Басқарманың кезектен тыс отырысын өткізуді Басқарманың төрағасы не Басқарма мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірі талап етуге құқылы. Басқарма шешімдері Басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Басқарма төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Шешім Басқарма төрағасы болмаған кезде қабылданған жағдайда ол бір апта мерзімнен кешіктірілмей Басқарма шешімін өзінің қарсылықтарымен қоса қайта талқылау және дауыс беру үшін қайтаруға құқылы. Басқарма төрағасының қарсылықтары Басқарма мүшелері жалпы санының үштен екісінің дауысымен еңсерілуі мүмкін. Басқарма өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Басқарманың отырысында хаттама жүргізіледі. Төраға Басқарма хатшысының функциясын Басқарманың кез келген мүшесіне немесе монополияға қарсы органның қызметкеріне жүктей алады. Басқарманың отырысында қарауға арналған құжаттар Басқарма отырысы басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей енгізіледі. Басқарма төрағасы материалдарды алдын ала қараудың өзге де мерзімдерін белгілеуге құқылы. 1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды; 3) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; ҚР Үкіметінің 2009.07.10. № 1540 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. 18. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады. 19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік Төрағасының қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды. |