|
|
|
Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы (2021.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 12) тармақшасына, 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ғылым саласындағы жыл сайынғы: 1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық; 2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық; 3) аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін А.И.Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші) үш сыйлық; 4) педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық; 5) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық; 6) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық; 7) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық тағайындалсын. 2. 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде отыз бесті қоса алғандағы жасқа дейінгі талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалсын. 3. Қоса беріліп отырған Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қағидасы бекітілсін. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысымен бекітілген
Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қағидасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |