Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының (2009.16.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Үкіметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітiлген Бөлiнбейтiн іpi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ЕРЕЖЕСI
1.Жалпы ережелер
1. Осы Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi, "Автомобиль жолдары туралы" 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiне, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көліктің тiзбесiне (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi), "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер" туралы 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi. 2. Ереже автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдары арқылы және қалалар мен елдi мекендердің көшелерi арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейдi. ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: 1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль; 2) iлесiп жүру автомобилi - жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына автомобиль жолдарымен iлесiп жүретiн, тиiстi тану белгілерi бар жол полициясы органдарының ақысыз негiзде ұсынатын патрульдiк автомобилi; 3) бақылаушы органдар - өздерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген құзыретi шегінде жол қозғалысы қауiпсiздігінiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі аумақтық басқармаларының тиiстi жол полициясы органдары (бұдан әрi - жол полициясы органдары) және (немесе) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінiң аумақтың органдары (бұдан әрi - аумақтық көлiктік бақылау органдары); 4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат; 5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы; 6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк; 7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал; 8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал; 9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал; 10) бөлiнбейтiн жүк - тасымалдау кезінде бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына шектен тыс шығынсыз (мысалы жүктiң немесе оны тасымалдау құнымен бара-бар болатын), сондай-ақ жүктi өндiрушi немесе жүктi жiберушінiң құжаттарымен расталған жоюға болмайтын бастапқы сапасын жоғалту қаупiне байланысты екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнбейтiн жүк; 11) көлiктік бақылау посты - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және аумағында орналасқан, техникалық құралдармен жабдықталған стационарлық бақылау-өткізу пунктi; 12) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi үшін алынатын алым - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен алынатын iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу; 13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi; 14) келiсуші ұйымдар - автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру маршрутында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпірлерi, жолөткелдерi, темір жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерімінде бар, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ жол полициясы органдары; 15) Арнайы рұқсат - белгiленген бағытқа және тасымалды жүзеге асыру мерзiміне сәйкес iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты; 16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы; 17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары. 4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көлiктiң басқа түрлерiмен тасымалдау мүмкiн болмаған жағдайда ғана рұқсат етiледi. 5. Автокөлiк құралының көлемдерi мен салмағын ескергенде, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары арқылы жүру үшін белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етілген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға рұқсат етілмейдi. 6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкілетті органмен келісілгеннен кейін берiлген Арнайы рұқсат (1-қосымша) пен оның бақылау талоны (2-қосымша) болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және келiсу тәртібі
8. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу үшін тасымалдаушы уәкiлеттi органға белгiленген нысандағы (3-қосымша) өтінішпен жүгiнедi онда жүктiң сипаты мен санаты, жүгі бар автокөлiк құралының көлемдiк және салмақтық өлшемдерi, болжалды қозғалыс бағыты, тасымалдау мерзiмi туралы келісушi ұйымдарға қажетті барлық сенiмдi мәлiметтер мен басқа да қажетті ақпарат болады. Қажет болған жағдайда жүктiң орналасу және оның автокөлiк құралына бекітілу схемасы қосымша ұсынылады. 9. Тасымалдаушы өтiнiшiнде көрсеткен iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау бағытын ол келiсушi ұйымдармен алдын-ала келiседi. Тасымалдау бағытына келiсу жүргiзетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары, және егер тасымалдау бағыты елдi мекендердiң шегiнде болса - жергілікті атқару органдары көрсетедi. 10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткізу қабiлеті бағаланады. 11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi. 12. Тасымалдаудың болжанған бағыты темір жол өтпелерiмен, жолөткелдерiмен, көпірлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысқан жағдайларда егер: 1) iрi көлемдi автокөлiк құралының енi 5 метрден асатын болса; 2) iрi көлемдi автокөлiк құралының биiктігі жол бетінен 4,5 метрден асатын болса; 3) iрi көлемдi автокөлiк құралының, соның iшiнде автопоездiң ұзындығы 20 метрден асатын болса; 4) автокөлiк құралы жолдың немесе жүру жолы бағыты бойындағы жол құрылыстарының төменгi санаты үшін ауыр салмақты болып табылатын болса; 5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса тиiсті ұйымдармен тасымалдауды келiсу жүргiзіледi. 13. Келiсуші ұйым мәлiмделген бағытқа келiсудi жүргiзедi немесе белгiленген мерзiмдерде: 1) жергiлiктi тасымалға үш күннен аспайтын мерзiмде; 2) өңiраралық және халықаралық тасымалға бес күннен аспайтын мерзiмде тасымалдаушыға дәлелдi бас тартуды ұсынады. 14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралын өткізудің терiс көрсеткіштерi болмаса, онда келiсуші ұйым өтiнiште оны өз шешiмiн мөрмен куәландыра отырып, жазбаша растайды. 15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуi мүмкiн болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшiн жол төсемiн немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргiзу талап етілетiн болса, келiсушi ұйым бұл туралы тасымалдаушыны жазбаша хабардар етедi және оған жүрудiң басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейiн күшейту жұмыстарының қажеттi кешенiн орындайды. 16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi. 17. Уәкілеттi органға өтiнiш түскен кезде оны журналға тiркеу және ондағы мәлiметтердi: 1) ұсынылған ақпараттың толықтығы; 2) тасымалдауға ұсынылған iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктің бөлiнбейтiндiгінің (пайдалану мақсатын өзгертпестен, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтындығының) негiзділігі; 3) жүк тасымалдауға берiлген автокөлiк құралының, соның ішінде автомобиль-тартқыштың және тіркеменің (жартылай тiркеменiң) техника сипаттамаларының сәйкестiгi; 4) тасымалдаушының ұсынған бағыты бойынша жүру мүмкіндігі нысанасына тексеру жүргiзіледi. 18. Егер өтініште түзетулер, толық емес ақпарат болса және (немесе) жүктің бөлінбейтіндігі құжаттамалық тұрғыдан жеткіліксіз негізделсе, уәкілетті орган өтініш журналға тіркелген күннен кейін екi күн мерзімде тасымалдаушыға түсiндiру үшiн тиісті сұрау салулармен жүгінеді. 19. Егер тасымалдаушы он күннiң iшiнде талап етілетін ақпаратты ұсынбаған немесе жүктiң бөлiнбейтіндігін құжаттық тұрғыдан негіздей алмаған жағдайда, өтiнiш қабылданбайды, ол туралы уәкiлетті орган тасымалдаушыны жазбаша хабардар етедi. 20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi. 21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш: 1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған; 2) көлiк құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған; 3) жүк жөнелтушi не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған жағдайларда жедел тәртiппен қаралады. 22. Жүру бағыты құжаттамалық түрде расталып келісілгеннен кейiн уәкiлетті орган арнайы рұқсатты алғанға дейiн тасымалдаушы бюджетке төлейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставка және тәртiп бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi үшiн алым сомасын есептеудi жүргізедi. 23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер: 1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен; 2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және паспорттық деректерi көрсетiле отырып расталады. 24. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алуға арналған өтiнiштi тасымалдау түрiне (халықаралық, өңiраралық немесе жергілiктi) қарай мынадай тәртiппен: 1) халықаралық тасымалға - тасымалдаушының тұрған жерi бойынша уәкiлетті органға немесе жақын маңдағы уәкiлеттi органға, тасымалдау басталғанға дейiн екi аптадан кешiктірмей; 2) өңiраралық тасымалға - тасымалдаушының тұрған жерi бойынша уәкiлетті органға немесе жақын маңдағы уәкiлетті органға, тасымалдау басталғанға дейiн екi аптадан кешiктiрмей; 3) жергілiктi тасымалға - тасымал жүзеге асырылатын жер бойынша уәкiлетті органға, ол басталғанға дейiн бiр аптадан кешіктiрмей бередi.
3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі
25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган бередi. 26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады. 27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келісілген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн: 1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келісілген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi; 2) келісілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекітілген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi. Арнайы рұқсат 3 айға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн. 28. Арнайы рұқсатты уәкiлетті орган толтырады және мөрмен куәландырады және бәрi келісілгеннен және iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуi үшiн тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейiн екi күннiң iшiнде берiледi. 29. Арнайы рұқсатты алғаннан кейiн тасымалдаушы автомобиль жолдарымен iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жол полициясы органдарымен растайды: 1) Жол полициясы департаментімен - бағыт екi және одан да көп облыс аумағы бойынша өткен кезде және халықаралық тасымалдарды жүзеге асырған кезде - бес күн мерзiмде жүргiзiледi; 2) облысының, ауданның, қаланың жол полициясы органымен - бағыт тиiсiнше бip облыс, аудан немесе қала шегiнде өткен кезде - үш күн мерзiмде жүргiзiледi. 30. Арнайы рұқсатты келiсу процесiнде жол полициясы органы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралына ілесiп жүру қажеттігi және оның түрi туралы шешiм қабылдайды, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдық режимiн белгiлейдi және қажет болған жағдайда автокөлiк құралының техникалық жай-күйін қарауды жүргiзедi. Оның нәтижесi Арнайы рұқсаттағы iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн келiсу туралы жол полициясы органының мөрiмен расталған жазу болып табылады.
4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн ұйымдастыру және оның тәртібі
31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi. 32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi. 33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi. 34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi. 35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады. 36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады. Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi. 37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi. 38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi. Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi. 39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi. 40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс. 41. Мына жағдайлардың барлығында: 1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса; 2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса; 3) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті. 42. Мына жағдайлардың барлығында: 1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса; 2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса; 3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса; 4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде; 5) жол жағдайларын, көлiк тасқынының құрамын және қозғалыстың қарқындылығын негiзге ала отырып, жол полициясы органдары белгiлейтiн өзге де жағдайларда iлесiп тұру автомобилiнiң болуы мiндетi. 43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады. 44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады. 45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi. 46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс. 47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi: 1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды; 2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi. 48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет. |