Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 638 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 607-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарында: мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді, Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаның нысанында «қоғамдық білім негіздері__________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «өзін-өзі тану_____________ »; Білім туралы куәлік нысанында «өлкетану________________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндагы жолмен толықтырылсын: «өзін-өзі тану________________», Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысанында «құқық негіздері__________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «өзін-өзі тану _____________»; Жоғары білім туралы дипломы, Жоғары білім туралы үздік дипломның, Жоғары білім туралы үздік дипломның, Жоғары білім туралы дипломның, Магистр дипломының, Доктор дипломының, Интернатураны бітіргені туралы куәліктің және Дипломға қосымшаның (транскрипт) қосымшаның парақтарының нысандары тиісінші осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес Магистр дипломына куәлік нысанымен толықтырылсын; керсетілген қаулымен бекітілген Білш туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесінде: 5-тармақта «он күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өтен соң қолданыска енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|