|
|
|
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1017 қаулысымен бекітілген
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық және қала маңындағы, сондай-ақ ауданішілік қатынастарда су көлігімен тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |