Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы (2010.05.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі; 2) бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі; 3) жеке нөмір - өзінде әріптік немесе цифрлық белгіні жапсырмаға, чипқа немесе таңбаға түсіруді қамтитын, жануарға берілетін жеке код; 4) ветеринариялық бөлімше - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі; 5) тәртіптеме - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық паспорттар беру үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды бөлу (беру) туралы жоғары тұрған ветеринариялық бөлімшенің төмен тұрған ветеринариялық бөлімшеге құжаты. 3. Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді. Республика аумағында орны ауыстырылатын барлық мал басы осы Ережеде белгіленген тәртіппен бірдейлендіріледі. 4. Жануарларды бірдейлендіру рәсіміне: 1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен жеке нөмір беру және ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу; 2) жануарға ветеринариялық паспорт беру; 3) мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен енгізу жатады. ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу түріне байланысты мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: 1) жапсырмалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар); 2) таңбалау (жылқы); 3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері). ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Жапсырмалау жануардың екі құлағына жапсырма бекіту жолымен жүзеге асырылады, құлақтың ішкі жағынан ортасына қарай, мүмкіндігінше оның түбіне жақын орналасады. Жапсырма бүкіл тіршілік етуі бойында шешілмейді. Екі жапсырмада да осы Ереженің 7-тармағына сәйкес сол жеке нөмірі көрсетіледі. Таңбалау ыстық немесе суық тәсілмен жүзеге асырылады. Таңба дененің сол жағына: республиканың, облыстың және мал түрінің литерлік кодтары жауырынға, жеке нөмір жамбасқа қойылады. Чиптау оларды қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1159 қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Жеке нөмір 12 (он екі) символдан түрады, олардың мынадай белгілері бар: бірінші екі символ - Қазақстан Республикасының литерлік коды (ISO-Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес келетін екі әріптік қысқартылған атау); үшінші символ - облыстың литерлік коды; төртінші символ - жануар түрінің сандық коды; бесіншіден бастап он екінші символдар - жылқыларды қоспағанда, жануардың жеке нөмірі. Жылқының жеке нөмірі төрт символды құрайды. Жылқының жеке нөмірі терт таңбалы саннан асқанда жеке нөмірге серия литерлік белгі түрінде латын әліпбиінің әріптерін енгізу жолымен көзделеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде жануарларға жеке нөмірлер беру кезектілікпен жүзеге асырылады. 8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының литерлік кодтары осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес беріледі. 9. Жануарларды бірдейлендіруге арналған жапсырмалар осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан мен мөлшерде дайындалады және 2 (екі) бөліктен (артқы және бет жағы) тұрады. 10. Жануарлардың ветеринариялық паспорттары, чиптары (жапсырмалары) сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында), сою пункттерінде және етті қайта өңдеу кәсіпорындарында сойғаннан кейін сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), сою пункттерінің және етті қайта өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшелеріне тізім бойынша береді, ал жеке тұтыну үшін сойған кезде иелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшелеріне береді. 11. Ветеринариялық паспорттарды, чиптарды (жапсырмаларды) жануар өлген, сондай-ақ осы Ереженің 23-тармағында көзделген жағдай туындаған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің комиссиялық ветеринариялық бөлімшелері жояды. 12. Бірдейленген жануарлар бір әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағынан басқасына орын ауыстырған кезде берілген жеке нөмірлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға тиісті мәліметтер енгізіп сақталады. 13. Шет елден әкелінген асыл тұқымды карточкасы бар малдардың шыққан елде берілген жеке нөмірлері сақталады. Шетелден әкелінген жануарлар туралы деректер осы Ережеде белгіленген тәртіппен жануарларға профилактикалық карантиннен өткізілгеннен кейін (жануар импортталған (әкелінген) сәттен бастап отыз күнтізбелік күн) ветеринариялық паспорт беріле отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі. 14. Арналу пункті етті қайта өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері, сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) болып табылатын және олар импортталған (әкелінген) сәттен бастап 30 (отыз) күннің ішінде кейіннен сойылатын импортталатын жануарлар бірдейлендіруге жатпайды.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі
15. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімдері мен жауапты орындаушыларын көрсете отырып бекітеді және оны ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жеткізеді; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады; 3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді қамтамасыз етеді. 16. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кестесін жасайды және бекітеді, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне жеткізеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне дейін тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады. 17. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кестесіне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін жүргізу уақыты мен орнын анықтайды. ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері: 1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бірдейлендіруді жүргізу орны бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді (деректерді дерекқорға енгізуді) жүзеге асырады; 2) жануарға жеке нөмір береді; 3) жапсырмалауды, чиптауды, таңбалауды жүзеге асырғаннан кейін жануардың иесіне осы Ереженің 3-тарауына сәйкес жануарға встеринариялық паспортты береді. 19. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін алынған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды бөлу тәртіптеме негізінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Ауыл шаруашылығы жануарларын жапсырмалау, чиптау, таңбалау рәсімін ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар және/немесе ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізіп беруші болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерплікті атқарушы органдары құрған ветеринария саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - орындаушы) жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Орындаушы жапсырмалауды, чиптауды, таңбалауды жүргізу кезінде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ведомость ресімдейді. Ведомость 2 данада жасалады, Орындаушының және ветеринариялық белімшенің ветеринариялық дәрігерінің қолымен және соңғысының мөрімен бекітіледі. Бір данасы іс-шараларды орындаушыда, екіншісі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға кейіннен енгізу үшін ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігерінде қалады. 22. Жануардың иесі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кезінде жануарға арналған ветеринариялық паспорттың, жануарларды бірдейлендіру үшін жапсырмалардың (чиптардың) құнын тиісті соманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне аудару арқылы қайтаруды қамтамасыз етеді. 23. Жапсырмалардың екеуі де жоғалған немесе бүлінген (жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған) кезде жапсырмалары бүлінген немесе жоғалған жануардың жеке нөмірін белгілеу үшін жануарлардың ветеринариялық паспорттары бар шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа да жануарларының жеке нөмірлерін және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды салыстыруды жүргізгенге дейін жануар оқшауланады. Осы жануарларды қайта бірдейлендіру жануарға жаңа жеке нөмір беріле отырып, осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 24. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру мал жасы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жасқа жеткенде мал иелері берген өтінімдер негізінде жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы күралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшесіне басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі
25. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде оның иесіне осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт береді. 26. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт әр жануардың жеке нөмірі көрсетіле отырып, тобына (отарына), ал жануарлардың қалған түрлеріне жеке беріледі. 27. Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері ветеринариялық паспортқа жүргізілген ветеринариялық өңдеулер және жануарды диагностикалық зерттеулер туралы мәліметті, жануардың иесі туралы деректерді енгізеді. 28. Жануардың ветеринариялық паспортының деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды (диагностикалық зерттеулерді, профилактикалық өңдеуді) жүргізу, иесін ауыстыру үдерісінде және басқа жағдайларда жүзеге асырылады. 29. Ветеринариялық паспорт тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінің қолымен және мөрімен бекітіледі. 30. Ірі жануарлар қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі. Ұсақ жануарлар тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Жануар межелі пунктке келгеннен кейін ветеринариялық паспорт ресімделеді. Тиісті мәліметтер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі. 31. Ветериңариялық паспорттың телнұсқасын беру ол жоғалған немесе тозығы жеткен кезде жүргізіледі. Жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар жануарлар иелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігеріне жазбаша өтініш (ветеринариялық паспорттың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі. Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді жүргізеді. 32. Жануарға жоғалғанның немесе тозығы жеткеннің орнына берілген ветеринариялық паспортта «қайта берілген» деген белгі қойылады.
ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне 1-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының литерлік кодтары
Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды
1 - ірі қара мал 2 - қой мен ешкі 3 - шошқа 4 - жылқы 5 — түйе
ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 374 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне 2-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың нысандары
Ірі жануарларға арналған жапсырмалардың бет жағында штрих код болуы тиіс. Штрих кодпен жануардың жеке нөмірі кодталған. Таңбаның мөлшері: кәрі мал үшін - биіктігі 8 см, ені 5 см; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см, ені 3 см. Ыстықпен таңбалау үшін ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм жалпақ тегіс темірден таңба дайындалады. Суықпен таңбалаған кезде стандартты өлшемдегі сан пайдаланылады.
бірдейлендіру ережесіне 3-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость
Ведомость жасалған күн 20___ ж._____ ___________ Орындаушы _______________________ (Т.А.Ә., колы) Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері _________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
бірдейлендіру ережесіне 4-қосымша
Приложение 4 к Правилам идентификации сельскохозяйственных животных (1-бет) / (страница 1)
Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт
________________________________________________ аудан /район (кала/город) ________________________________________________облыс/область
(2-бет) / (страница 2)
Ветеринариялық паспорттың нөмірі / Номер ветеринарного паспорта: № ____________* Жануар туралы деректер / Данные о животном: Түрі / Вид __________________________________________________________________ Жынысы / Пол______________________________________________________________ Малдың түсі / Масть__________________________________________________________ Аты / Кличка________________________________________________________________ Жасы / Возраст______________________________________________________________ Бірдейлендіру әдісі / Метод идентификации ______________________________________ Малдың тегі туралы деректер (егер асыл тұқымды жануар болса) / Данные о родителях (если племенное животное)
Берілген күні 20____ ж.______ _________ / Дата выдачи___ ________ 20__ г.
М.О./М.П.
(жануардың паспортын берген жергілікті атқарушы органның мөрі / печать местного исполнительного органа, выдавшего паспорт животного) _______________________________________ (Т.А.Ә.,қолы / Ф.И.О.,подпись)
Ескертпе: *жануар паспортының нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді. Паспортты ауыл шаруашылығы жануарларының тобына (отарына) берген кезде төртінші жеті сан (бірдейлендіру нөмірінің жеке тасымалдаушысы) көрсетілмейді. Бұл сандар жануарлар паспортының 3-беттегі кестесінің 3-бағанында көрсетіледі.
Примечание: *номер паспорта животного соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственных животных. При выдаче паспорта на группу (отару) сельскохозяйственных животных четвертые семь цифр (индивидуальный носитель идентификационного номера) не указывается. Эти цифры указываются в 3 графе таблицы на 3 странице паспорта животного.
3-бет / Страница 3
Ескертпе * ветеринариялық іс-шараларды (егу, өңдеу, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттері) жазу кезінде ауыл шаруашылығы жануарлары ауруының атауын көрсету қажет.
Примечание * при записи ветеринарных мероприятий (прививки, обработки, манипуляции или диагностические тесты) необходимо указывать наименование болезни сельскохозяйственных животных. |