Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілген» Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі ______________ А.Жұмағалиев 23 тамыздағы 2011 жыл
Әділет министрінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 294 бұйрығына 1 қосымша
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ереже
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді. Нұсқаулық нотариустардың құжаттармен жұмысын ұйымдастыру және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімін жүргізу (бұдан әрі - БНАЖ электрондық тізілімі) тәртібін регламенттейді және нақтылайды. Мемлекеттік нотариустардың немесе жеке практикамен айналысатын нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерін тіркеу нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде жүргізіледі. 2. Нотариаттық іс жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|