Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту (2007.11.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесi Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртібін айқындайды. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздеме 2. Жеке және заңды тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi; 2) уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт негiздеме болып табылады. Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешiмi конкурстық комиссияның аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі шешiмiне немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар конкурсқа қатысушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнiнде қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың жеке меншiгіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде орналасқан аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі уәкiлеттi орган ұсынымының негiздемесiне сүйенедi. 3. Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi органның аумақтық органы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы ұйымымен аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасады. 4. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта: 1) шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялықэкономикалық тексерулердiң (қорықшылық қызмет штаты, аңшылық алқаптардың алаңы мен шекарасының сипаттамасы, аңшылық алқаптардың схема-картасы) нәтижелерi; 2) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мерзiмi; 3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi; 4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; 5) жануарлар дүниесiн және олар мекендейтiн орындарды қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану шарттары; 6) аңшылық алқаптарды бекітіп беру конкурсына қатысу кезiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы мәлiмдеген мiндеттемелер; 7) тараптардың жауапкершiлiгi көзделедi. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығының паспорты аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады. 5. Өзге де учаскелерден басқа, бекітілуi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялық-экономикалық тексерулер материалдарының негiзiнде айқындалған мемлекеттік орман қорының учаскелерi де құрамына енетiн аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылығын жүргiзу осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру және аңшылық алқаптарды биологиялық-экономикалық тексерулердiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган мынадай көрсеткiштер бойынша аңшылық шаруашылығы санаттарын анықтайды:
Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру 7. Аңшылық алқаптарда шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру: 1) аңшылық алқаптарды түгендеуді; 2) табиғи және экономикалық жағдайларды зерделеудi; 3) аң аулайтын алқаптарды бағалауды; 4) жануарлар санын есепке алу және есебiн жүргiзу әдiсiн анықтауды; 5) жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жоспарлауды; 6) аңшылық шаруашылығының аумағын ұйымдастыруды; 7) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөніндегі жұмыстардың тiзбесiн; 8) аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң нақты санын анықтауды; 9) алқап бiрлігiне шаққанда ескерiлетiн жануарлардың түрлерi мекендеуiнiң оңтайлы тығыздығын анықтауды; 10) аңшылық шаруашылығы қызметiнiң (әуесқойлық (спорттық), кәсiпшiлiк аң аулау) неғұрлым тиiмдi бағытын анықтауды; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) аң аулайтын алқаптарды бағалауды (бонитет) және аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалауды және олардың құндылығын арттыру жолдарын; 12) аң аулайтын алқаптардың өткізу қабiлетiн көздейдi. 8. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен шаруашылықiшiлік аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдары бойынша әзiрленген аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспарын уәкiлеттi органмен келісім бойынша аң шаруашылығы ұйымы бекiтедi, содан соң ол аң шаруашылығы ұйымының мiндеттi түрде орындауына жатады және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектiсi болып табылады. 9. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру ұзақтығы 10 жыл тексеру кезеңiне немесе аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты жасасу мерзiмiне әзiрленедi. 10. Қайталама шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу кезiнде осының алдындағы шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн өткен тексеру кезеңiне аң шаруашылығы қызметiне талдау жүргізiледi, шаруашылық аумағында жабайы жануарлардың сапалық және сандық жай-күйiне баға берiледi, ол аңшылық шаруашылығының санатын өзгерту және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшiн негiздеме болып табылады. Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң кадастры мен мониторингі үшін олардың санын есепке алуды, мәлiметтер жинауды ұйымдастыру 11. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алудың негiзгі мақсаты осы жануарлар таралымдарының жай-күйiн бағалау және оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды жоспарлау болып табылады. 12. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алуды аң шаруашылығы ұйымдары Жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу жөніндегі әдiстемелiк нұсқама негiзiнде өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады. 13. Оңтайлы және нақты сандар көрсеткiштерiнiң арақатынасын ескере отырып аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн есепке алу нәтижелерi оларды алу лимиттерi мен квоталарын анықтау үшiн негіз болып табылады. 14. Аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесiнің кадастрына енгізiлетiн мәлiметтер жинауды жүзеге асырады және оларды Уәкiлеттi органға бередi. 15. Өзiнiң жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуандығын сақтау, оны орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерістердi анықтау және бағалау, жағымсыз процестер мен құбылыстардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, жай-күйiн, таралымдарының құрылымын, мекендеу ортасының сапасы мен алаңын қадағалау жүйесiн бiлдiретiн аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асырады. Талдамалық анықтама түрiнде ресiмделген жануарлар дүниесiнiң өндiрiстiк мониторингiнiң деректерi уәкiлеттi органның аумақтық органына берiлетiн жылдық есепке қосымша болып табылады. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау 16. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптарда жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау: 1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау; 2) қорықшылық қызметтi құру және оның жануарлар дүниесi объектiлерiн, соның iшiнде оларға жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салушылықтарды белгiлей отырып, сирек кездесетiн және құрып кету қауiпi төнген жануарлар дүниесі объектiлерiн пайдалану учаскелерiне, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуға арналған учаскелерге және дамылдау аймақтарына бөлiп, аңшылық шаруашылығының аумағында қорғау жөнiндегі қызметiн ұйымдастыру; 3) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзушылықты болдырмау; 4) жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру; 5) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiнде iс-шаралар мен биотехникалық іс-шаралар жүргiзу; 6) табиғи апаттар кезiнде және басқа да себептер салдарынан ауруға, өлiм-жiтiм қауiптерi жағдайында жануарларға көмек көрсету; 7) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қызметiн ынталандыру; 8) жергiлiктi халық арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау, жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн iлме тақталар, трафареттер, плакаттар орнату; 9) ветеринариялық iс-шаралар жүргiзу; 10) аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесін белгiлеу жолымен жүзеге асырылады. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi 17. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аңшылық шаруашылығының әкiмшiлігі мен бекітілiп берiлген аңшылық алқаптардың аумағына келетiн азаматтардың қатынастарын регламенттейдi. 18. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың; 2) аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың; 3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдарының негiзiнде әзiрленедi. ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Iшкi тәртiп ережесi мынадай мiндеттi iс-шараларды: 1) схема-карталарды қоса тiркеп және қорықшылардың аты-жөндерiн көрсете отырып жануарлар дүниесi объектiлерiн молықтыруға арналған учаскелердiң, пайдалану учаскелерiнiң, дамылдау аймақтары мен қорықшылық учаскелерінің (айналымдарының) шекарасын сипаттай отырып, аңшылық алқаптардың аумағын ұйымдастыруды; 2) аң аулайтын алқаптарда болу ережесін; 3) аң аулаудың рұқсат етiлген түрлерi мен тәсiлдерiн; 4) рұқсат етiлген аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлардың тiзбесi мен оларды өндiру нормаларын; 5) көрсетiлетiн қызметтер бағасының прейскурантын және жолдама құны бағасының калькуляциясын; 6) уәкiлеттi органның аумақтық органымен келісілген аң аулау мерзiмiн шектеудi (дамылдау күндерiн) қамтиды. 20. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аң шаруашылығы ұйымының бұйрығымен ресiмделедi. Аңшылық шаруашылықтарының қорықшылық қызметi 21. Қорықшылық қызметтi аң шаруашылығы ұйымдары аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартта және шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруда көзделген санмен өз қаражаты есебінен құрады. 22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы уәкiлеттi орган бекiткен Қорықшылық қызмет туралы үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту 23. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайту - бұл жануарлар дүниесi объектiлерiнiң оңтайлы санын көбейту мен ұстауға және оларды орнықты пайдалануға бағытталған iс-шаралар кешенi. 24. Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту аңшылық алқаптардың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады және: 1) қоректендiру, азықтандыру кешендерi мен азықтандыру алаңдарын құру; 2) жасанды су көздерi мен суаттар құру; 3) қорғаныштық өсiмдiктер отырғызу, жасанды ұялар салу жолымен аңшылық алқаптардың ұя салуға жарамды алаңдарын ұлғайту; 4) жыртқыш жануарлардың санын реттеп отыру; 5) жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру; 6) табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн белгiлi бiр аумақта және белгiлi бiр мерзiмге шектеу; 7) жануарлар ауруларының алдын алу жөнiнде iс-шаралар өткізу; 8) жануарларды қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында өсiру; 9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiру; 10) жыныс-жас құрамын реттеу жолымен қол жеткiзiледi. 25. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөніндегі жұмыстардың тiзбесi аңшылық шаруашылығын жүргiзуге немесе шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруға арналған шартта көзделедi. 26. Жануарлар дүниесi объектiлерiн қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында жасанды жолмен өсiрудi және оларды кейiннен бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарға босатып жiберудi мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негiздемелерге сәйкес, уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде аң шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады. 27. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiрудi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады. 28. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөніндегі iс-шараларды өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларында көзделген қаражат есебiнен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүргiзедi. 29. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiн пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттардың негiзiнде аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады. 30. Жануарларды алып қоюдың бекiтілген лимитiнiң негiзiнде бөлiнген квоталарды уәкiлеттi орган аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жеткiзедi. 31. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн алу Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төленген жағдайда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алынған сәттен бастап бөлiнген квота шегiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы жүзеге асырады. 32. Жеке және заңды тұлғалар бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды аңшылық шаруашылығы ұйымдарынан жолдама алғаннан немесе олармен аң аулау шартын жасасқаннан кейiн жүзеге асырады. Аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң экономикалық тетiгі 33. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн: 1) жануарлар дүниесiн пайдаланудың ақылы болуы; 2) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру; 3) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының экономикалық дербестiгi; 4) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметiн жоспарлау; 5) аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын iске асыруға аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қатысуы экономикалық негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшiн жойған кейбір шешімдерiнiң тiзбесi 1. «Қазақ ССР-iнде аңшылық шаруашылығы туралы ереженi бекіту туралы» Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 8 қыркүйектегi № 353 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж., № 19, 70-құжат); 2. «Қазақ ССР Үкіметінiң жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөніндегі шешiміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 22 сәуірдегі № 171 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 10, 48-құжат); 3. «Қазақ ССР аумағында аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 10 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., № 8, 26-құжат); 4. «Киіктердi сақтау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiнде қосымша шаралар туралы» Қазақ ССР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 23 тамыздағы № 484 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 19, 113-құжат); 5. «Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 26 наурыздағы № 281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 210-құжат); 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 15 қыркүйектегi № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 38, 443-құжат); 7. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 4 қыркүйектегi № 1140 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 407-құжат). Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесіне 1-қосымша Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған ШАРТ
____________________ 200_жылғы «_»__________ (елді мекен) __________облысы әкiмдігінiң 200 жылғы «_»__________________ № __ қаулысы негізiнде осы Ереженiң негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi «Басқарма» деп аталатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының бастығы ________________________ арқылы осы аумақтық орган_______________________, (Т.А.Ә.) (атауы) бiр жағынан, арқылы осы аумақтық орган_____________________, бiр жағынан, (атауы) және_______________________негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi «Пайдаланушы» деп аталатын _____________________________________________ (T.A.Ә, аңшылық iсiн пайдаланушы өкілінiң лауазымы) арқылы___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың Т.А.Ә, мекен-жайы) |