Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж. № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және елде бәсекеге қабілетті жаңа салалар құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 8-і.
№ 193
Президентінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 193 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|