|
|
|
«Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 250-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1645 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысымен бекітілген
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары: 1) темір жол көлігімен: аттестатталған мамандардың (мамандардың тізбесін, аттестаттауды жүргізу тәртібін және қажетті білім көлемін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді); жолаушылар тасымалдауға арналған, тасымалдау үдерісі қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрамның; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |