|
|
|
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы (2011.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар) ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру (13 - 22 баптар) ІІІ- тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы (23 - 37 баптар) IV-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі (38 - 40 баптар) V-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару (41 - 60 баптар) VI-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату (61 - 69 баптар) Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңына сәйкес 1-бап толықтырылды 1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара) 2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын не сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленуі мүмкін. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Мемлекеттің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 3. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген.
2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы 1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 4. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. 3-бап. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік 1. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. 2. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. 3. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді. 4-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздерді немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады. Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар. 2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. 5-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті. 6-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. 7-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы. Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды. ҚР 21.05.02 ж. № 323-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. 3. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. 4. Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы бола алады. ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңына сәйкес 9-бап өзгертілді; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 9-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара) 10-бап. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. 2. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді. Бұл жағдайда осы Заңның 44-50-баптарының ережелері қолданылмайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: 1) осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға; 2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға; 3) серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға; 4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; 5) осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға; 6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
2005.08.07. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: 1) құрылтай шартының талаптарын орындауға; 2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға; 3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара) 4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
13-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан (осы Заңның 14-бабы) басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен (осы Заңның 19-бабы) аяқталады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін: 1) бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; 2) серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы): 1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; 2) осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы), егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс. 14-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс: 1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері; 2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі; 3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау; 4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; 5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары; 6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі; 7) серіктестік жарғысын бекіту; 8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі. Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты осы Заңға және басқа да заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін. 4. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. 5. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады. 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. 3. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды. Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс. Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. 4. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс. 5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс. 6. Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады. 16-бап. Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері 1. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. 2. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді. 3. Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. 4. Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, олар осы Заңның 15-бабында көзделген ережелер бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2005.08.07. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді 16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi 1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы. Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады. Акционерлік қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. 2. Акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам қол қояды. Акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, осы Заңның 48-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді 17-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады. Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында: 1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы; 2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi; 3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер; 4) серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті; 5) серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері; 6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртібі; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен бап 7) тармақшамен толықтырылды 7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен бап 8) тармақшамен толықтырылды 8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. 3. Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс және оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды. 4. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын қоспағанда, серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс. 5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысының, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттардың даналары серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады. 6. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді. 18-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту тәртібі 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың осы Заңның 48-бабы ережелеріне сәйкес қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады. 2. Серіктестік жарғының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндетті. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер енгізуді сот тәртібімен талап етуге құқылы. 3. Серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері туралы мәліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және серіктестіктің коммерциялық құпиясы болмайды. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар: 1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті; 2) серіктестіктің жарғысын (осы Заңның 17-бабы); 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты табыс етуге тиіс. 4-1. Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттік тіркеу үшiн: 1) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлдiк берген адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш; 2) серiктестiктiң жарғысы; 3) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлдiк берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тiзiлiміндегі деректер негiзiнде жасалған серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге тиiс. 5. Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда (осы Заңның 17-бабының 6-тармағы), серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште: 1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері; 2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; 3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі; 4) серіктестіктің өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратыны туралы нұсқама көрсетілуге тиіс. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда, өтінішке барлық құрылтайшылар қол қойып, олардың қойған қолдарының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс. 6. Серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның серіктестік құрылтайшыларынан өзге құжаттар табыс етуді талап етуге құқығы жоқ. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 20-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тарту 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |