Қазақстан Республикасының патент заңы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке (6 - 9 баптар) қабілеттілігінің талаптары 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер (9 - 11 баптар) 4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға (11 - 16 баптар) ерекше құқық 5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі (16 - 29 баптар) 6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және (29 - 32 баптар) қалпына келтіру 7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және (32 - 35 баптар) патент иеленушілердің құқықтарын қорғау 8-тарау. Қорытынды ережелер (35 - 38 баптар) 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы; 2) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 3) зияткерлік меншік объектілері - зияткерлік қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары; 4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген өнертабыстарға инновациялық патенттер мен патенттер, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдерге патенттер; 5) қызметтік өнертабыс - қызметкердің өз қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жасаған өнеркәсіптік меншік объектілері; 6) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты; 7) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер; 8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; 9) патент иеленуші - қорғау құжатының иесі; 10) патентке қабілеттілік шарттары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген шарттары; 11) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері; 12) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары.
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар 1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. 2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледi. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган 1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу; 2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау құжаттарын беру; 3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау; 4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы 1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым. 2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне: 1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер қабылдау; 2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге сараптама жүргiзу; 3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргiзу; 4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер туралы мәлiметтердi жариялау; 5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. 5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге - патентпен қорғалады. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінімге сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтінімге жүргізілген сараптаманың нәтижесі бойынша беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Инновациялық патент пен патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтінім берушіге дүниежүзілік жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелімен және жауапкершілігімен беріледі. 09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді 3. Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екі жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. 09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді 4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсіптік үлгіге патентпен берiлетiн құқық қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған және өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн. Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де қолданылады. Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып есептеледi. 5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн. 6. Осы Заңға сәйкес мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртібі заңдармен реттеледi. 2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары
6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттілігiнiң талаптары 1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi. Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады. Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында басқа адамдардың берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi. Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюіне), әдіске (материалдық объектімен іс-әрекетті материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе әдісті жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешімдер өнертабыс ретінде қорғалады. 1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргізу ережелерi мен әдiстерi; 5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 8) Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды. 4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттілігiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттілік талаптары 1. Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады. Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi. Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды. Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады. 2. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 3. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағында аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды. 8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк талаптары 1. Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi. Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтірiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсiптік үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтінiм берген (қайтарып алынғандарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi. Егер елеулi белгiлерi бұйым ерекшелiктерiнiң шығармашылық сипатын анықтайтын болса, өнеркәсiптiк үлгi бiрегей деп танылады. Егер тиiстi бұйымды дайындау жолымен оның көп рет ұдайы өндiрiлуi мүмкiн болса, өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп танылады. 1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе; 2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың; 3) баспа өнiмнiң өзi; 4) сұйық, газ түріндегі, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз нысандағы объектілердiң; 5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды. Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе осы ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілігiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер 9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы 1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады. 2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi. Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгiленедi. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. 3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз қорғалады. 4. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi адамның құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын немесе арнаулы атау беруге құқығы бар. 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Патент иеленуші 1. Қорғау құжаты: 1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына); 2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс берушіге; 3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның ішінде беру тәртібімен тиісті құқықты алған адамға (адамдарға); 4) бір-бірімен келісімдері болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бірге беріледі. 2. Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушіге тиесілі болады. 3. Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автордың өзінің қызметтік міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ материалдық, техникалық және өзге де құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысына қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады. Егер қызметтік өнертабыс құрамына осы жұмыс берушінің қызметкері болып табылмайтын адам кіретін бірнеше адамның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, осы адамның көрсетілген қызметтік өнертабысқа қатысты құқықтары оның аталған жұмыс берушімен және басқа да авторлармен жасасатын шартында анықталады. Егер қызметтік өнертабыстарды шарт негізінде бірнеше жұмыс берушінің жұмысты бірлесіп орындауы нәтижесінде авторлар жасаса, жұмыс берушілердің көрсетілген өнертабысқа құқықтары олардың арасындағы шартпен анықталады. 4. Қызметтік өнертабыс жасалған жағдайда, автор қызметтік өнертабысты жасау фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Хабарламаға автор (авторлар) қол қоюға және онда: 1) автордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі көрсетілуге; 2) қызметтік өнертабыстың атауы; 3) оның жасалу жағдайы мен орны, болжалды қолданылу саласы; 4) жұмыс берушінің қызметіндегі өнертабыстың мәнін ашуға, санатын айқындауға және жарамдылығын бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы қамтылуға тиіс. Жұмыс беруші автор берген қызметтік өнертабысты жасағандығы туралы хабарламаны оны берген күннен бастап қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл жөнінде авторларға жазбаша түрде хабарланады. Егер сипаттама және өтінімді ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтер толық болмаса, онда жұмыс берушінің қызметкерден қызметтік өнертабыс туралы қосымша материалдарды сұратуға құқығы бар, ол қосымша материалдарды сауал алған күннен бастап бір ай ішінде ұсынады. Мұндай жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімінің өту барысы тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер алынғаннан бастап қайта қалпына келтіріледі. 5. Егер қызметкер қорғау құжатын алуға құқылы жұмыс берушіні қызметтік өнертабыстың жасалғандығы туралы хабардар етпесе, онда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім жұмыс берушіге оның жасалғаны туралы белгілі болған күннен басталады. Егер қызметтік өнертабыстың жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол қызметтік өнертабыс авторына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер қызметтік өнертабысқа қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі болса, ол авторға тиісті өтінімді ресімдеудің басталғандығы туралы хабарлауға міндетті, ал автор жұмыс берушінің талабы бойынша жазбаша түрде қызметтік өнертабысқа өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және қызметтік өнертабыстың барлық авторларының тізімін беруге міндетті. 6. Жұмыс беруші қорғау құжатын алуға өтінім бергеннен кейін оны алуға не қорғау құжатын күшінде ұстап тұруға мүдделі болмаған жағдайда, қорғау құжатын алуға құқықты не алынған қорғау құжатын авторға уақытылы және өтеусіз беруге міндетті. 7. Егер жұмыс беруші жасалған өнеркәсіп меншігі объектісі туралы өзін автор хабардар еткен күннен бастап төрт ай ішінде өтінім бермесе, қорғау құжаттарын алу құқығын басқа адамға бермесе және тиісті объектіні құпия сақтау туралы авторға хабарламаса, онда қорғау құжатын алу құқығы авторға көшеді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін патент иеленушімен шарт бойынша өз өндірісінде пайдалануға басым құқығы бар. 8. Тараптардың ешқайсысының екінші тарапқа бұл туралы хабардар етпей, қызметтік өнертабысқа қатысты өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымына қорғау құжатын алуға өтінім беруге құқығы жоқ. 9. Қызметтік өнертабыс үшін авторға сыйақы төлеудің мөлшері, шарттары және тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісіммен белгіленеді. Келісімге қол жетпеген жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер қызметтік өнертабысты жасаудағы автор мен жұмыс берушінің үлестерін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған немесе алуға тиісті пайданың жартысына автордың құқығы бар деп танылады.
4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ерекше құқық 11-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды 1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады. Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады. |