«Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысымен бекітілген
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) ақшалай лотереялар - тек ақша түріндегі ұтысы бар лотереялар; 2) ақшалай-заттай лотереялар - лотереялардың нұсқаулық және әдістемелік материалдарда ақшалай баламада тіркелген ақша және/немесе мүлік (ақшадан басқа) түріндегі ұтысы бар лотереялар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|