Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - монополияға қарсы инспекциялары болады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1743 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|