|
|
|
Қазақстан РеспубликасыНЫҢ Президентінің (2007.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қордың Жарғысы бекітілсін. 3. Мыналар: 1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады; 2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана, Ақорда, 2000 жылғы желтоқсанның 22-і.
№ 528
Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Бұдан әрі Қор деп аталатын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті құрған, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2. Қор өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. 3. Қор өз қызметін Қазақстан Республикасында және шетелде жүзеге асырады. 4. Қор қызметі еріктілік, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |