ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген
«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (2013.20.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы санитариялық қағидалар (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу, тұру жағдайларына, тамақтануды ұйымдастыруға, персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға), тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына (мектеп оқулықтарына), өндірістік практикаға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық қағидалар мынадай қызметтерді жүзеге асыратын тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қолданылады: 1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту (барлық үлгідегі балалар-сәбилер бақшалары, балалар толық және қысқа мерзімге болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтары, бала күтуші қызметтері); 2) жалпы орта білім беру (мектептер, гимназиялар, лицейлер) бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) және жоғары кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер), сондай-ақ арнайы және түзету оқу бағдарламаларын іске асыру; 3) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру (сәбилер үйлері, жетім балаларға және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, интернат ұйымдары, жасөспірім балалар үйлері, пансионаттар, медреселер, жетімханалар және басқалары); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|