|
|
|
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1395 қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын (2013.24.04. берілген өзгерістермен)
1. Осы Астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Астық қолхаты осы талаптардың қосымшасында көрсетілген үлгіге сай болу керек. 3. Астық қолхаттарының бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады. Шығарылған астық қолхаттары бланкілерінің есебін жүргізу мақсатында олардың коды, сериясы және нөмірі болады. Код - тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы беретін астық қабылдау кәсіпорнының тіркеу нөмірі. Астық қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы береді. Астық қолхаты бланкісінің коды, сериясы және нөмірі қойма мен кепіл куәліктерінде бірдей болуы және типографиялық тәсілмен жазылуы тиіс. 4. Астық қолхаттарының бланкілері қызыл түспен шығарылады. 5. Астық қолхаты бланкісінің мынадай қорғау деңгейлері бар: 1) бет жағында металлографтық баспа тәсілімен орындалған қоршау; 2) жасырын баспа; 3) гильоширлік элемент; 4) 2-түрлі тангирлік тор; 5) ирис баспасы; 6) нөмірлеу; 7) микромәтін; 8) көрінбейтін сурет; 9) инфрақызыл сәулемен көрінбейтін мәтіндік ресімдеу; 10) артқы жағында офсеттік баспа тәсілімен орындалған қоршау; 11) көшірме жасауға мүмкіндік бермейтін элемент; 12) 2-түрлі ирридисценттік сызығы бар, ультракүлгін сәуледен өткізгенде көрінетін көк және жасыл түсті флуоресцентті талшықтардан құралатын қорғалған қағаз (өзінің флуоресценциясын бермейтін түсі өзгертілген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |