Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің, нысанын және табыс ету қағидаларын бекіту туралы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету нысаны; 2) Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1300 қаулысымен бекітілген
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің табыс ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің табыс ету қағидалары «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) табыс ету тәртібін және мерзімін айқындайды. 2. Мәліметтерді темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - декларант) тиісті салық органына тапсырады. 3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей тапсырылады. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ірі салық төлеушілер тізбесіне кіретін салық төлеушілер мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс етеді. 5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығыштарда табыс етіледі. Мәліметтерді толтыру кезінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|