Осы редакция 2012 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен қағидамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида). 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады. 4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар: 1) арнайы нысаналы топтарға арналған; 2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды. 5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы: 1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді; 2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады; 3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне қарауға және бекітуге ұсынылады. 6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді. Бекітілген тізбеде кәсіптер (лауазымдар) бөлінісінде әр жұмыс беруші бойынша: 1) Ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны; 2) айлық жалақы мөлшері; 3) жұмыстың ай бойынша ұзақтығы; 4) мемлекеттік бюджет қаражатынан өтелетін айлық жалақының мөлшері көрсетіледі. 7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу
8. Уәкілетті органдар және/немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары: 1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация береді; 2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді. 9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жіберу кезінде мыналар ескеріледі: 1) жіберілген азаматтар уәкілетті органда немесе халықты жұмыспен қамту орталығында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген және халықтың нысаналы топтарына жатуға тиіс; 2) жолдама беру сәтінде жіберілетін азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек. 10. Азаматтар ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына он екі айлық кезеңде бір рет қана орналаса алады және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. 11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия беруді қамтиды. 13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. 14. Уәкілетті орган ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған соманы жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударуды жүргізеді. 15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді. Орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады. Аталған есепте: 1) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың саны туралы; 2) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады. 17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
ұйымдастыру және қаржыландыру 1-қосымша
____________ауданының, қаласының уәкілетті органына _________________________ _________________________ _________________________
Өтінім
________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________ (жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, СТН, байланыс жасайтын адамдары мен телефондары) халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер тізбесіне қосуды сұрайды. Мәселе оң шешімін тапқан жағдайда азаматтарға тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Қосымша: 1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 2. Ұйым жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшірмесі.
Басшы Күні
М.О
ұйымдастыру және қаржыландыру 2-қосымша
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы № _____ шарт
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) _____________________________________________________________________________________________________________________, (Т.А.Ә.) және ___________________________________________________________________________________________________________атынан (жұмыс берушінің атауы) _____________________________________________________________________________________________________________________ (басшының Т.А.Ә., лауазымы) (бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және _______________ауданы (қаласы) әкімдігінің 201___ жылғы «___» № __________ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Келісім мәні
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру. 2. Шарт сомасы_______________________________________________________________________________________________________ (жазбаша) мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші: 1) азаматтарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге _______________________________________________________________________________________________________ адамды жіберуге; (саны жазбаша) 2) жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен нақты орындаған жұмыс уақытына, алайда бір адамға жұмыс істеген толық айына __________________________________________________________________________________ (сома жазбаша) теңгеден асырмай жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуді жүргізуге міндеттенеді. 4. Жұмыс беруші: 1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін азаматтарға мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
2) азаматтармен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасуға; 3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан міндетті зейнетақы аударымдарын жүргізуге, салықтардың барлық түрлерін және әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарды ұстап қалуды жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеу және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аударуға; 5) әрбір азаматқа жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге; 6) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге; 7) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге; 8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге; 9) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге; 10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға; 11) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. 8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті. 9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды. 11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады. 12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін. 14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекен-жайлары:
ұйымдастыру және қаржыландыру 3-қосымша
____________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы 201__ жылғы ____________ МӘЛІМЕТТЕР
Басшы____________________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
|