Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 602 Қаулысымен күші жойылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 503 қаулысымен бекітілген
Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы (бұдан әрі - жобаларға салалық сараптама) жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға, оның ішінде қосарлы мақсаттағы жобаларға салалық сараптаманы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) орындылығын, техникалық мүмкіндігін, экономикалық тиімділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырады. Бұл ретте қосарлы мақсаттағы жобаларға салалық сараптаманы (бұдан әрі - қосарлы мақсаттағы жобаларға салалық сараптама) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен (бұдан әрі - Қорғаныс министрлігі) келіседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|