Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысымен бекітілген
Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды. 2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі (бұдан әрі - пробация қызметі) шартты түрде сотталған адамдарға олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсетеді. Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдар жәрдем көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|