Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы (2021.01.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.01.09. № 600 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысымен бекітілген
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруы шартымен ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|