«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2017.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2017.20.10. № 660 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Кәсіпорын дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді жүзеге асыру: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|